ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ

17:55, 12 ақпан 2020

Жылдағы дәстүрге сай облыс әкімі Құмар Ақсақалов халық алдында атқарылған істер жайында айтып, жоспарлармен бөлісті. 2019 жыл өңір экономикасы үшін де, әлеуметтік сала үшін де пайдалы болды. Қаржы жағын айтпағанда, азаматтарды тұрғын үймен қамту, жолдарды жөндеу, ауыз су тарту сынды мәселелердің біразы шешілді. Ал жоспар одан да ауқымды. Тұрғындардың өтініштер әлі де бар. Осы орайда Құмар Ақсақаловтың есеп беру кездесуіне жұрт өз өтініштерін арқалай келген. Гүлнәр Сайлауқызы толықтырады.

Шынымен де өткен жылдың еншісінде талай жағымды жаңалықтар қалды. Ол алдымен 3 жылдық кешенді жоспардың алғашқы нәтижесі шыға бастады. Құйылған 47 млр теңге инвестицияның арқасында мәселелердің біразының шешімі табылды.Бюджетке де қаржы құйылуда. Ал ондағы ақшаның 55 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Тағы  бір айтарлық жаңалық, ол тарифтердің өзгермеуі, биыл да бұл бағытта жұмыстар атқарылуда.Яғни тарифтер өзгермейді деді облыс әкімі. Ауыл азаматтары үшін таза ауыз су мәселесі әлі өзекті болып отыр. 2020 жылы 59 елді-мекенге су тартылады. Бұл дегенміз 51 мың адам таза ауыз су ішеді. Осы орайда Құмар Іргебайұлы аудан әкімдері мен жергілікті шаруа қожалықтарына суды ауылдың шетіне дейін емес, әр үйге өткізу керектігін атап өтті. Білім беру саласына келер болсақ, биыл мектептерді жөндеу жұмыстары жалғасын табады. Оларды қалпына келтіру үшін 3 млрд теңге бөлініп отыр. 60 оқу ордасы жаңартылады. Сонымен қатар Қызылжар ауданының Бескөл  және Тайынша ауданының Вишневка ауылдарында  жаңа білім ошағының құрылысы жүргізіледі. Бұл орайда педагогтардың жағдайын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда аталмыш салада кадр тапшылығы азайыпты. Жас мамандарға көмек жақсы.

ЗИНАРА НАРТАЕВА, ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ:

- Енді өнеркәсіп саласына келер болсақ, түрік инвесторлары күзде ламинатталған фанера шығаратын зауытты іске қоспақ. оның құны 2 млрд теңге. 100 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар көктемде шпон өндірісі қолға алынбақ. Кәсіпорын тауарын сертификаттап оны қытай мен еуропаға шығаруды көздейді. Облыста құны 45 млрд теңге тұратын электротехникалық өнім шығаратын зауытты ашу да ойда бар. Мұнда 300 адам жұмыспен қамтылмақ.  Өз есебінде облыс әкімі жолдардың жағдайына да тоқталды. былтыр 676 км автожол жөнделіпті. биыл 700 км жол ретке келтіріледі. оған 37,8 млрд теңге қаржы бөлінді.2020 жылы бірінші рет ауыл ішіндегі жолдарға ақша қарастырылып отыр. ол үшін 2,5 млрд қарастырылған. осылайша 27 ауылдың жолы жөнделмек. мәдениет саласындағы басты жаңалық -  қазақ театрының құрылысы.

Құмар Іргебайұлы  баяндамасынан соң  алдымен әлеуметтік желілер арқылы түскен сауалдарға жауап берді.  Кейін залға жиналаған азаматтар өз өтініштерін айтты. мысалы Бескөл ауылыны тұрғыны Өзбек Тастамбеков үйіне жарық өткізе алмай отырмын дейді.

ӨЗБЕК ТАСТАМБЕК, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ  ТҰРҒЫНЫ:

Тепличное ауылының тұрғындары болса елдімекенге дейінгі 2 шақырым жолдың нашар екенін айтуда. олар жылда осы мәселені көтереміз бірақ нәтиже жоқ дейді. Олардың бұл өтініштері биыл шешілетін сыңайлы.

- Тепличныйда тұрамыз. жол шалағай. 2 шақырым жолды жөндеп берсеңіздер. балалар мектепке барады, жұмысқа барамыз. көктем, күз кезінде жүру мүмкін емес.

- Бұл жолды жөндеу биыл жоспарда тұр. ол үшін 75 млн теңге қарастырылған. қазір конкурс жарияладық.

Петропавл қаласының тұрғындары болса, қоғамдық көлік паркін жаңартуды,  көпқабатты үйлердің қас беттерін сырлау жұмыстарын жалғастыруды өтініп келіпті. Оларға облыс әкімі аталмыш мәселелерден хабардар екенін, биыл өтініштерінің біразы орындалатындығын жеткізді. оның сөзін шаһар басшысы да құптады. Ал облыстық Семей полигоны қоғамдық бірлестігінің мүшелері  , полигонның жабылуының 30 жылдығына орай монумент қоюды сұрап отыр:

- 2021 жылы Семей полигонның жабылғанына 30 жыл болады. осыған орай Назарбаев көшесінде монумент қойылса деп едік. бұл тарихи оқиға ғой. сондықтан ескерткіш керек.

- Қаланың бас жоспарын қарастырып көреміз. ұсыныс жаман емес.

Жиынға  өтініштерін ғана емес, жергілікті билік өкілдеріне алғыс айта келгендер де баршылық. олар қордаланып қалған мәселені дер кезінде шешуге ат салысып жүрген азаматтарға алғыстарын жеткізді. Биылғы кездесуде өңір жетекшісіне сауал жолдауға келген халық көп болмады. Соған қарағанда халықтың тұрмысы түзеліп, біраз мәселе дер кезінде шешімін тауып жатқан сыңайлы.  

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
20:44, 23 қазан 2020
ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
20:38, 23 қазан 2020
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...