ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ЖОЛДАРЫНЫҢ 35% САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

20:40, 14 қараша 2019

2017 – 2018 жылдар аралағында облыс жолдарының 743 шақырымын жөндеу үшін  мемлекеттен 22,5 млрд. теңге бөлінген. Дегенмен жолдың  35 процентінінің сапасы нашар. Бұл туралы бүгін облыстық коммуникациялар орталығында өткен арнайы брифингте айтылды.

Облыстық прокуратура 2017 жылдан бастап 29 облыстық маңызы бар және 40 қалаішілік жолдардың жағдайына тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 69 учаскенің 33-нің сапасы нашар екені анықталды. Көбінде  асфальт төсеу кезінде сапасыз материалдар қолданылған.

ЖАСЛАН СМАҒҰЛОВ, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ  БАСҚАРМА  БАСШЫСЫ:

- Ғ. Мүсірепов ауданында жауапсыз мердігер асфальт төсегенде қиыршық тастың орнына құм қоспаларын пайдаланған. Оны да заңсыз жолмен тасымалдаған. Салдарынан мемлекетке 4,5 млн. теңге шығын келтірілді.

Ал кейбір учаскелерде асфальттің қалыңдығы   3-5 см, одан қалды үстіңгі қабаты тегіс емес, шетіндегі жиектастары зақымдалған. Айта берсең ақау көп.

ВЛАДИМИР  БАЛАХОНЦЕВ, СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Күзгі тексеріс жұмыстарының нәтижесі бойынша облыс жолдарының 65 проценті қанағаттанарлық жағдайда. Ал 35 пайызының сапасы сын көтермейді. Автомобиль жолдарының ұзындығы жағынан біздің өңір республикада үшінші орында.

Жуық арада облыс жолдарының жағдайын жақсарту үшін әлеуметтік – экономикалық кешенді жоспар қолға алынбақ. Тағы бір айта кететін жайт биыл жолдарды жөндеуге және қалпына келтіруге 18,7 млрд. теңге бөлінген. Оның 15 млрд. жергілікті бюджет есебінен қарастырылған.

Анастасия ДРОНЯК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...