ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ОБЛЫСТА 48 ШЕТЕЛДІК БАЙҚАУШЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

17:54, 6 маусым 2019

Сайлау кезінде облыстық сайлау участкелерінде 48 шетелдік баЙқаушы жұмыс істейді. Мамыр айынан бастап Петропавлда арнайы орталық ашылып, шетелдік байқаушыларға қажетті жағдай жасалды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған бұл еріктілер  сайлауға дайындықты және шараның барысын қадағалайды. Өңірге Еуроппадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның бірнеше өкілі келіп тоқтады.

48 шетелдік байқаушының 22-сі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның мүшесі болса, қалған 26 адам Ресей Федерациясының азаматы.  Олардың басты мақсаты сайлау үрдісін бақылауға алып, бұзушылықтарды анықтау. Сайлау күні байқаушылар сайлау участкелерінің ашылуын, сайлау барысы мен бюллетендерді санау үрдісін мониторингге алады.  

НИКОЛАЙ УХОВ, ШЕТЕЛДІК БАЙҚАУШЫЛАРҒА ЖӘРДЕМДЕСУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Орталығымыздың мақсаты шетелдік бақылаушыларды  ақпараттандыру. Оларға қажетті жағдай жасап, қаланың, облыстағы кез келген саулау участкесіне барып, жұмыстарын жүзеге асыруларына барынша ат салысуымыз керек. 

Байқаушыларға ағылшын, неміс және француз тілдерін жетік меңгерген кәсіби аудармашылар көмек көрсетеді.  Аделина Хисматуллина саяси шараларға қатысқан тәжірибесі бар  маман.  Сондықтан байқаушылармен жұмыс істеу ұсынысына бірден келіскен.

АДЕЛИНА ХИСМАТУЛЛИНА  ШЕТЕЛДІК БАЙҚАУШЫЛАРҒА ЖӘРДЕМДЕСУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АУДАРМАШЫСЫ:

- Бақылаушыларға көмегім тисе әрине қуанар едім. Жергілікті өкілдермен қарым-қатынасжасауда, тіл табысуда жәрдемдемемін. Қажет болған жағдайда, саулау участкелеріне барып, аудармашы қызметімді орындаймын. 

Алдағы күндері Ресей Федерациясының Түмен және Қорған облыстарынан байқаушылар келіп, жұмыстарына кіріседі.

Анастасия ДРОНЯК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
17:55, 19 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
Толығырақ...