ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН

20:35, 19 қараша 2020

Облыста заңсыз қоқыс үйілген 606 жер анықталды. Оның 83-і Петропавл қаласының аумағында орналасқан. Энергетика  министрлігі былтыр «Ғарыш сапары» АҚ келісімге отырды.  Оның көмегімен ғарыштан ел бойынша заңсыз қоқыс үйінділерінің орны анықталып, суретке түсірілді. Әріптесім Ж.Қайыпова баяндасын.  

«Ғарыш сапары» АҚ көмегімен жасалған гео-портал Петропавлдан   50 шақырым радиусындағы жерлерді бақылайды. Бағдарлама көмегімен, Қызылжар, Аққайын, Мамлют пен М.Жұмабаев және Тайынша, Есіл аудандарындағы заңсыз қоқыс үйінділерінің орындары  анықталып, суретке түсірілді. Аталмыш порталда қоқыс жатқан жерлер қызыл белгішемен белгілеген. Фотосуреттер дәлел ретінде кейін құзырлы органдарға жіберіледі.

 АСХАТ МӘПЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- .Энергетика министрлігімен, «Қазақстан ғарыш сапары» АҚ арасында өткен жылы келісім шарт бектілген. Оның көмегімен елдегі заңсыз қоқыс үйінділерінің орны анықталады. Яғни, аспанға арнайы спутник жіберіледі. Ол ел аумағын ұшып өтіп, қоқыс жатқан жерлерді суретке түсіріп алады. Кейінен бұл суреттер экология департаментіне келеді. Біз мониторингтік топпен тексеріп, аудандық, қалалық әкімдіктегі жауапты адамдарға тапсырма береміз.

Жалпы облыста 17 полигон мен 280 жер участкесіне қоқыс тастауға заңды түрде акт берілген. Алайда соңғы кезде рұқсатсыз  қоқыс тасталатын жерлер көбейіп кеткен. Ғарыш мониторингінің нәтижесіне сай, 1 қарашадағы мәлімет бойынша облыста 773 қоқыс үйіндісі табылды.  Оның 606сы рұқсат етілмеген жерге тасталған болса, ал 49ында қалдықтар бекітілген шекарадан асып төгілген. Бұл қоқыс үйінділерінің 83і Петропавл қаласында екен.Қазіргі уақытта оның тек 69ы тазартылыпты.

 АСХАТ МӘПЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Қала және аудан әкімдіктеріне тиісті хат жібердік. Қазіргі уақытта облыс бойынша  қоқыс үйінділерінің  тек 27 пайызы яғни 175 орны тазартылды. Әлі де жұмыстар жалғасып жатыр. Жалпы Рұқсатсыз ұйымдастырылған қоқыс үйінділерін тазарту үшін биыл аудан және қала әкімдіктеріне 185млн 585мың теңге қаражат бөлінген.

Экология департаменті мамандарының сөзінше, заңсыз қоқыс тастау орындары ең көп Қызылжар ауданында тіркелген.  Ғарыш спутнигі 223 үйіндіні  анықтапты. аудан әкімдігі қазіргі уақытта қоқыстың 50 пайызын тазартып үлгерген.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
20:40, 24 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:21, 24 қараша 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...