ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА 651 БАЛА ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНҒАН

20:54, 4 маусым 2020

Облыста  1137 бала ата ана қамқорынсыз қалған.  Жыл сайын олардың саны азайып келеді. Бұл мейірімді, әрі батыл жандардың арқасы. Жерлесіміз  Баймакашевтар отбасы да 10 жыл бұрын  өздері үшін маңызды шешім қабылдап, екі баланы патронатқа алды. Жалпы облыста қазір 179 бала патронатты отбасыларда тәрбиеленіп жатыр.

Екатерина Васипенек музыкаға әуес, әсіресе қазақтың домбырасына жаны жақын. Музыкалық кәсіби білімі болмағанымен күрделі күйлерді тартып, туған туысқандарын сүйсіндіреді. Екатерина  10 жылға жуық қазақ отбасында тәрбиеленіп келеді. Оның анасы Дина Баймакишева қыздарына қамқорлығын аямай, адами қасиеттерімен қатар, бойындағы қабілеттерін дамытуға бар күшін салады.  

ЕКАТЕРИНА, ВОСИПЕНОК:

Нажия Максимова Баймакишевтардың отбасына  3 жыл бұрын қосылды. Бұған дейін Дина жеткіншекті жазғы демалыстарға, сенбі-жексенбі күні үйіне алып отырған.  Балалар үйінде достасып кеткен Катя мен Нажия енді бір- бірін апалы сіңліміз деп атайды. Нажия спортқа құмар, жеңіл атлетика, шахматпен шұғылданады. Болашағын медицина саласымен байланыстырғысы келеді.

НАЖИЯ МАКСИМОВА:

- Ата-анамыз біздің бастамаларымыздың бәрін қолдайды. Мен оларды қатты жақсы көремін. Әкешім көлік жүргізуді үйретіп жүр. Күнде кешке отбасымызбен Катяның орындауындағы концертті тамашалаймыз, шахмат ойнаймыз. Мектеп бітіргенен кейін тіс дәрігеріне оқуға түскім келеді. 

Екатерина мен Нажия жастайынан қазақи дәстүрлерді бойларына сіңіруде.  Дина, Сәрия әжеймен   ұлттық тағамдарды әзірлеп, құрақ құрадйы. 

СӘРИЯ ТАШИБАЕВА, ҚЫЗДАРДЫҢ ӘЖЕСІ:

Жетім балалар үйінен бүлдіршіндерді бауырына басқан мейірімді жандар өткен күндерді еске алғанда көзге жас алады.  Бір біріне үйренісу, өзгенің, өзге ұлттың баласын жақсы көріп кету оңай болмаған. Есесіне қазір, екі ұлдан екі немере сүйіп отырған отбасы қыздарынсыз күндерін елестете алмайды.

ДИНА БАЙМАКИШЕВА, ПАТРОНАЖДЫ АНА:

- Біздің отбасымыз патронатты деп есептеледі. Бірақ мен оларды патронатты демеймін. Бұл менің қыздарым. Ұлдарым өсті, тұңғышым үш жыл бұрын марқұм болды. Одан екі немерем бар.  Аналық махаббатымды осы қыздарға төгіп келемін. Сырласамыз, болашаққа жоспар құрамыз. Олардың өмірінде бәрі жақсы болсын деп қалаймын.

Катя мен Нажия сияқты облыс бойынша 179 бала патронатты отбасыларда тәрбиеленіп келеді. 651 балдырғанды өңір тұрғындары қамқорлыққа алды. Тағы 63 жетім баланы  асырап алды.  Осындай жүрегі мейірімге толы жерлестеріміздің арқасында ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жеткіншектер ата-ана махаббатына бөленіп өсуде.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
17:26, 10 шілде 2020
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
17:16, 10 шілде 2020
БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...