ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ОБЛЫСТА ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫ ӨСТІ

20:50, 22 қазан 2020

Биыл облыс тұрғындары арасында депозит нарығы өсті. Өткен жылмен салыстырғанда тұрғындар 18 пайызға көп ақша салған. Және ұлттық валютадағы депозиттер көлемі артып, шетел валютасына керісінше сұраныс азайған. Сонымен қатар, қазір қолма-қол ақшасыз төлем жасау әдісін де таңдаушылар көбейіпті.  

Облыста 4653 РОSтерминал бар. Оған 2157 кәсіпкер жауапты. Жалпы биыл 1 қаңтардан бастап карточкалар арқылы төлем жасау белсенді жүзеге асырылып жатыр. Өңірде 804 мың төлем карточкасы айналымда. Ал оны  ұстаушылар саны 696мың. адам.

ДИАС МЭЛС, «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ» РММ СҚФ ДИРЕКТОРЫ:

- СҚО төлем карточкалар арқылы операциялар дамуда. Айдан-айға төлемдердің көбейуін байқап отырмыз. Карта ұастаушылар саны да көбейіп жатыр. +02:10. Өткен жылға қарағанда қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 4,4 есе өсіп, ал төлемдер көлемі 4,6 есеге өскенін көреміз. 

Жыл басынан  банктерден   143млрд теңгеге несие берілген. Оның 28млрд теңгесін шағын бизнесі барлар алды.  Алайда қарызын кешіктіріп жатқандар да баршылық.  Мәселен, өңір тұрғындары банкке 5,7млрд теңге қарыз. Бұл көрсеткішке қарамастан депозитын белсенді түрде  толтырып жатқандар саны да артыпты. Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 22,5 пайызға ұлғайса, шетел валютасы яғни долларландыру деңгейі 20 пайызға дейін төмендеген.

ДИАС МЭЛС, «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ» РММ СҚФ ДИРЕКТОРЫ:

- 2020 жылдың 1 қазанының көрсеткіші бойынша біздің облысымызда депозиттер көлемі  198,6 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 18,6 пайызға өскенін байқауға болады. Депозиттердің көлемінің ішінде 90 пайызы облыстың тұрақты тұрғындарының депозиттері. Ол 178,8 млрд теңге. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда ол 12 пайызға өсуде.

Айта кету керек, өткен жылдың шілде айынан бастап елмізде «7-20-25» әрбір отбасы үшін тұрғын үйді сатып алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық кредиттеу бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ мәліметіне сай, облыс бойынша 1348 өтінім қабылданып, оның 704 мақұлданған.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 27 қараша 2020
ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
20:34, 27 қараша 2020
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
17:24, 27 қараша 2020
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...