ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫСТА ҚАСҚЫР ЖОҚ

20:47, 22 қаңтар 2020

Қасқырлар қаптады. Соңғы күндері өңір тұрғындары, әсіресе ауылды жерде тұратындар далаға шығуға қорқатын болды.  Себебі жұртты әлеуметтік желілерде және ватсап мессенджерлері арқылы тарап кеткен ақпарат, видеолар дүрліктіріп отыр.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнероликтерде қора сыртын қасқыр жағалап жүргені көрсетіліп, оның біресе Айыртау ауданында, біресе Қызылжар ауданының Бескөл ауылында түсірілгені айтылады.

Бірер күннен бері өңір жұртын дүрліктірген мәселенің анық-қанығына жету мақсатында біз СҚО «орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына» хабарласқан едік. Мамандардың айтуынша кең тараған  бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.  Қасқыр өте сақ жануар. Өзге аймақтардан келген күннің өзінде облыс ормандарында оларға қажет азық жеткілікті. Сондықтан, адам тұратын жерге жыртқыш аң жақындамайды.

ОЛЕГ БЕСПАЛОВ, СҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

- Жыл сайын облыс аумағында жабайы аңдардың есебі жүргізіледі. Мониторингке қасқырлар да алынады. Оларды әдетте қыста санаймыз. Солтүстік өңірде жыртқыш аңнын бұл түрі кездескен жоқ. Кей кездері шекаралас аймақтардан біздің ормандарға кіретіндері бар.  Алайда еш бір зиян келтірген емес.        

Мамандардың айтуынша, өңірде соңғы 10 жылда қасқырлар елдімекендерге мүлде кірмеген.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

«БАСТАУ» ЖОБАСЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ
13:01, 21 ақпан 2020
«БАСТАУ» ЖОБАСЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар