
Облыс бойынша жарты жылда ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 17,2 пайызға ұлғайып, несие беру 31,7 пайызға артып отыр. Дегенмен, ипотекалық және тұтынушылық несиелеу сегментінде белсенділіктің біршама төмендеуі байқалады.
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында банктер 98,4 млрд теңге оның ішінде шағын бизнеске 19,7 млрд теңгеге кредит берілген. 6 айда облыс тұрғындары ипотекалық несиелер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8 пайызға кем. Тұтынушылық несиелер көлемі де аз, 7,2 пайызды құрап отыр. Депозит нарығына келетін болсақ, өңір тұрғындары мен заңды тұлғалардың қаражат көлемі 186,1 млрд тг құрады. «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы арқылы облыс бойынша 8,9 млрд теңге соммаға 1194 өтінім қабылданып, оның ішінде 4,9 млрд тг болатын 660 адамның өтінімі мақұлданды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық банкі СҚФ басшысы Диас Мэлс мәлімдеді.
ДИАС МЭЛС, «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ» РММ СҚФ ДИРЕКТОРЫ:
Сқо 4653 пос терминалдар бар,2157 кәсіпкерлер төлем қабылдайды. Ізде карточкалардың саны айдан айға өсуде, төлем өткізу ай сайын өсуін көріп отырмыз. Карантин басталғалы өсу қарқыны төмендеп, карантин біткен соң қолма қол төлеу көбейеді деген үміттеміз.