ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ОБЛЫСТАҒЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

13:01, 27 мамыр 2020

Солтүстік Қазақстан облысы Ковид-19 індетін жұқтырғандар  саны жағынан  республика бойынша соңғы орында. Қазіргі таңда өңірде  коронавирус жұқтырудың 49 фактісі тіркелген. Олардың 33-де науқастар жазылып шықты. Жалпы облыста соңғы екі аптада 2 мыңнан астам нысанға тексеріс жүргізіліп, 227 кемшілік анықталды. Яғни санитарлық талаптар тиісті деңгейде сақталмай отыр. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов онлайн брифинг өткізіп, алдағы қабылданатын шаралар жайлы айтты.

Елде ТЖ аяқталып, карантиндік режим жұмсартылды деп халық бір қуанып еді. Бірақ   індет қайта өрши бастады. Мысалы облыста соңғы бір аптада 9 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Олардың барлығы сырттан келген. Атап айтсақ көрші Ресейден шекара асқандар.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біздің оллыс пен көршілес елдің аймақтарында жағдай тұрақты емес. Жалпы, Ресей науқастардың саны бойынша әлемде үшінші орында. Біздің шекарада қатаң бақылау жалғасуда. Күн сайын шекара арқылы 350 адамға дейін шекара асады. Олар біздің азаматтар. Бүгінде облыста 1 мыңға жуық тест жасалынады. Бұның барлығы облыста вирустың таралмауына септігін тигізеді.

Осы күнге едйін жаппай скрининг арқылы  24мың адам тексерілді. Карантин режимін жұмсарту жағы әлі қарастырылмайды. Түнгі клубтар, ойын-сауық ордалары әлі жабық. Ал жұмыс істеп тұрған нысандар қатаң бақылауда. Санитарлық талаптар сақталмаса олар да қайта жабылуы мүмкін. Мысалы соңғы екі аптада 2 мыңнан астам нысанға тексеріс жүргізіліп, 227 кемшілік анықталды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Кейбір дәмханалар, дүкендер мен шаштараздар талапты орындамай отыр. Мысалы «Центр плова» демханас, «Дана» шаштаразы және «Мотомир», «Марс», «Салтанат» сынды дүкендер. Барлық заң бұзушылықтар ұқсас: қызметкерлер мен келушілер маска тақпайды. Сатушылар қолғап кимейді, белгілер жасалмаған. Егерде бұл кемшіліктер т үзелмесе, соттың шешімімен аталған нысандар карантин біткенше жабылады.

Олыс әкімі халықты түсіністік танытып, барлық санитарлық нормаларды сақтауға шақырады. Егер жағдай шиелнісе түссе, карантиндік режим қатаңдатылатынын да ашық айтты.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

Шаһар біртіндеп қалыпты өмірге оралуда. Тұрғындар жұмыстарына шықты, әлеуметтік мыңызы бар нысандар ашылды. Зауыт, фабрикалардың тамырына қан жүгіріп, өндіріс көлемі арта түсуде. Құрылыс саласы жанданды. Аграрлық салада да шаруа қызған. Диқандар егіс науқанын аяқтауға жақынДеседе вирустің өршу қауіпі жоғары, сондықтан арқаны кеңге салуға әлі ерте, сақ болайық ағайын. 

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ 

 

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
20:48, 3 шілде 2020
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ  САҚТАЛУЫ ТИІС  ТАЛАПТАР
20:45, 3 шілде 2020
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...