ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ БАС БУХГАЛТЕРІ АҚША ҰРЛАП СОТТАЛДЫ

17:19, 29 қазан 2020

Бокстан олимпиада резервінің облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 54 жастағы бас бухгалтері алаяқтық жасап, бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Петропавл қалалық соты мәлімдеді.  Мектеп қызметкері өзіне сеніп тапсырылған қаржыны қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып аса ірі көлемде ұрлаған.

Сотталушы  2017 жылдың маусымы мен 2020 жылдың ақпаны аралығында төлем қалыптастырудың электронды бағдарламасына жалған мәлімет енгізіп келген. Осылайша өзіне еңбекақыны, демалысақы мен сауықтыру жәрдемақысын, көтермеақы, тағы басқа төлемдерді заңсыз жазған екен. Ақшаны өзінің карточка шотына аударып, керегіне жұмсаған. Салдарынан Бокстан олимпиада резервінің облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасына 24 млн жуық теңге шығын келді. Сотқа дейінгі тергеу барысында бас бухгалтер өз кінәсін мойындады. Петропавл қалалық соты 28 қазан күні оны қылмыстық істе кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа деңгейдегі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 27 қараша 2020
ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
20:34, 27 қараша 2020
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
17:24, 27 қараша 2020
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...