ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ «ЖАСТАР» СПАРТАКИАДАСЫ

18:05, 12 тамыз 2019

Ақжар ауданының Талшық ауылында облыстық «Жастар» спартакиадасы өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған  сайысқа өңіріміздің 400-ге жуық спортшысы жиылды. Олар үш күн бойы спорттың 6 түрінен МЫҚТЫЛАРДЫ анықтады. Жастар ойындарын тамашалап қайтқан әріптесім Нұрбол Балғабековтің бейнематериалы.

Жастар спартакиадасы - Ақбидай жазғы спорттық мерекесіне ұқсас. Тек, мұнда 18 бен 23 жас аралығындағы спортшылар өнер көрсетеді. Биыл дүбірлі додаға қатысуға өңіріміздің әр аймағынан 14 команда ниет білдіріпті.

РУСЛАН ӘЛІШЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Және бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлу керектігін баса айтқан болатын. Осы бағытта өңірімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Биыл, міне тұңғыш рет Жастар спартакиадасын ұйымдастырып отырмыз. Жалпы, бүгінгі күні спортпен айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Ауылдық жерлерде спорттық нысандар салынып жатыр. Биыл, Талшық ауылында спорт  кешінің құрылысы басталды. Тек, жастар спортпен шұғылданса дейміз. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. 

Жарыстың ашылу салтанатына эстрада жұлдызы Айқын Төлепберген арнайы келіп, әннен шашу шашты. Сондай-ақ жергілікті өнерпаздар да жиналғандарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Іріктеу кезеңі тамыздың 8-і күні басталды.  Тартысты додада спортшылар жүгіру мен жағажай волейболынан жарысып, шағын футбол, еркін және грек рим күресінен бақтарын сынады.

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

Дәл қазір жағажай волейболынан жарыс өтіп жатыр. Үшінші орынға М.Жұмабаевпен Ш. Ақын ауданының саңлақтары өзара мықтыны анықтауда. Әзірге, есеп теңбе-тең.  Кім жеңетінін бірер минуттан кейін білетін боласыздар.

Бұл сында М.Жұмабаев ауданының қыздары жақсы ойын өрнегін көрсетіп, үшінші орынды еншіледі. Ал екінші орынға Жамбыл ауданы жайғасса, алтын медальды Қызылжарлықтар жеңіп алды.Ал ұлдар арасында бірінші орын Жамбыл ауданына бұйырды.Жеңіл атликадан үштікті Қызылжар ауданының жастары  түйіндеді.Бірінші және екінші орындарды Айыртаулықтар мен М.Жұмабаев ауданының спортшылары өзара бөлісті.  Ал, қыздар арасында шағын футболдан өткен жарыста Шалақындықтардың асығы алшысанан түсті.
 

МӨЛДІР ХАМИТ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ:

Ал,еркін күрестен қыздар арасында Ақжар ауданының қыздары үздік атанды. Күміс пен қоланы Қызылжар мен Уәлиханов ауданының спортшылары әкетті. Ұлдар арасында грек-рим күресінен де Ақжарлықтар алға шықты. Есіл ауданының намысын қорғап келген грек-рим күресінен Азия чемпионы Оралхан Мырзабаев 67 келі салмақ дәрежесінде финалдық кездесуде бірінші орынды жеңіп алса да, оның командасы үздік үштікке іліне алмады.

ОРАЛХАН МЫРЗАБАЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ЕСІЛ АУДАНЫ:

Үш күнге жалғасқан тартысты додада жастар спорттың 6 түрінен бақтарын сынады. Сонымен,  жалпы командалық есепте бірінші орынды Қызылжар ауданы алды. Екінші орынды жарыс иелері Ақжар ауданы жеңіп алса, үшінші орын Жамбылдық жастарға  бұйырды.Жеңімпаздар диплом  кубок пен және ақшалай сертифакттармен мараппаталды. «Жастар»облыстық спартакиадасы келесі жылы Жамбыл ауданында өтпек.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар