ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҢ МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ЗАҢСЫЗ АЛҒАН

17:59, 9 қазан 2019

Биыл атаулы әлеуметтік көмекті облыстың 5 500-ден астам отбасы алған. Бұл мақсатқа Республикадан бөлінген 2,3 млрд теңгенің 1,6 млрд-ды игерілді.  Келесі жылдан бастап мұқтаж азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек  жаңа әдіс арқылы көрсетіледі. Облыстық коммуникациялар орталығынында өткен кезекті баспасөз мәслихатында мамандар жәрдем ақыны үйлестірудегі жаңашылдықтармен таныстырып, өткен жылдың қорытындыларымен бөлісті.

Облыстың 1000-ға жуық отбасы  атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып отырған. Олардың  тек 70-сі ғана   заңсыз алған қаражатты қайтарды. Бүгінге  бұл сомма 5млн 700 мың теңгені  құрады.

АЛМАЗ  ҚОШМАНОВ, СҚО ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Азамат атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген кезде жұмыспен қамту орталығы бұл отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартуға негізделген бағдарламаны іске қосады. Яғни «еңбек» бағдарламасы аясында ересектерге жұмыс табады. Бизнес бастауға несие, гранттар бар екенін түсіндіреді. Кейін тоқсан сайын табыс көздерін тексеріп жатады. Егер атаулы әлеуметтік көмек алу талаптарынан табыстары асып кетсе, ары қарай төленбейді. Кейбіреулері осы өзгерістер жайында өздері айтса, өзгелерін біздің мамандар анықтады.

Болашақта осындай фактілер болмауы үшін мемлекет атаулы әлеуметтік көмекті көрсетудің жаңа әдістерін құрды. Жуық арада заң жобасы Парламенттің қарауына енгізіледі. Кешенді шаралар 3 бағытты құрайды.

ГҮЛБАҚЫТ МАНАБАЕВА, СҚО  БОЙЫНША ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біріншісі – көп балалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну. Олардың аналарының материалды жағдайына және әлеуметтік статусына қарамайды. Шамамен әр балаға 10-11 мың теңге.

Екіншісі – аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандыру. Жәрдемақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентін құрайды. Үшінші бағыты  - аз қамтылған отбасылар үшін қосымша әлеуметтік кепілдендірілген пакет. Оған мектеп жасына дейінгі балаларға тамақ, гигиеналық құралдар, білім беру қызметі, оқушы балаларға ыстық тамақ, оқу құралдары, киім-кешек пен жол ақысы кіреді.  

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

КӨЗ ҚЫСТЫЛЫҚ, БАРМАҚ БАСТЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
18:04, 23 қазан 2019
КӨЗ ҚЫСТЫЛЫҚ, БАРМАҚ БАСТЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
Толығырақ...
ЖАПОНДАР «АРХИВ 2025» БАҒДАРЛАМАСЫНА АТСАЛЫСАДЫ
17:54, 23 қазан 2019
ЖАПОНДАР «АРХИВ 2025» БАҒДАРЛАМАСЫНА АТСАЛЫСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар