ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 8 ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ӘКЕЛІНДІ Толығырақ

ОЙҚАЛА ТАНЫМАСТАЙ ӨЗГЕРМЕК

20:46, 13 тамыз 2020

Петропавл қаласының негізі  1752 жылы қаланса, шаһардың тарихы қазіргі Ойқала ықшам ауданынан басталады. Жылдар бойы жөндеу көрмеген шағын аудан биыл жаңа кейіпке енгелі отыр. Қазіргі таңда қаланың ең көне Потанин көшесінде абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жаңашылдыққа Ойқаланың тұрғындарының ойы қандай? Жанбота Естайқызының бейнематериалы

18 ғасырдың ортасында бой көтерген бекініс бастапқыда Қасиетті Петр мен Павелдің бекінісі деп аталған. 1766 жылдары Петропавл деген атаупайда болады.  Тарихи құжаттардан оның сол кездерден қала мәртебесін алғанын көруге болады. Мамандардың айтуынша, қаланың тарихы қазіргі Ойқала ықшам ауданынан басталған. Қазіргі Потанин көшесі бойында көпестер сауда-саттықпен айналысқан.

ЖАНАТ БАЙМУСЕНОВ, «ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫ» БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұрын бұл жерде көпестер сауда жасаса, қолөнешілер, қарапайым жұмысшылар өз істерімен айналысады. Бұл ықшам аудан біздің байлығымыз, тұнып тұрған тарих қой. Кей жерлерде бұрыннан бері тұрған үйлер мен ғимарраттарды көруге болады. Сондықтан, жасалып жатқан өзгерістер өте орынды деп есептеймін.

Қазіргі Потанин көшесі 1924 жылға дейін Станичный деп аталған,содан соң , Крупская, ал 1999 жылы Көшеге Грегорий Потаннниің атауы берілген. Грегорий Потанин, біздің жерлесіміз, белгілі азамат, Орта Азияның табиғатын, этнографиясын зерттеген саяхатшы.  Ескі үйлердің келбетін сақтай отыра, шатыры мен қасбеті ауыстырылып, біркелкі гүлдермен безендірілеген шарбақтар орнатылып жатыр. Иманғали Татваев Ойқала ықшам ауданында он жылдан бері тұрады. Мұндай ауқымды жұмыстар алғаш рет жүргізіліп жатыр дейді.

 ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, ОЙҚАЛА ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен осы Потанин көшесінде 15 жыл тұрамын.  Осы 15 жылда бірінші көріп жатқанм қандай өзгеріс болып жатқанын. Пандемияға қарамастан, алғысым шексіз болып жатыр, қала әкіміне облыс әкіміне. Қаншама қызмет істеп жатыр. Қала үшін, біз үшін. Бұрын өзіміз жасаған детская площадка болатын, соны жаңадан жасап берсе қандай тамаша болар еді, біздің балаларға, біздің немерелерге.

Потанин көшесінің бойындағы үйлердің қасбеті, шатыры өзгертіліп жатыр.

ВЛАДИМИР СОРОКИН, ОЙҚАЛА ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Менің үйімнің келбетін жарты айда өзгертіп берді. Бастысы – тегін. Мұндай жөндеу жұмыстары  қарапайым қарияның қолынан келеді ме? Енді көшеге шыққан кезде көз сүйсінеді. Мен өте қуаныштымын. Осындай істі қолға алған азаматтарға алғысымды білдіремін.

ЕВГЕНИЯ УЛИТИНА, ОЙҚАЛА ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Потанин көшесінде жасалып жатқан аббаттандыру жұмыстары көңілімнен шығып жатыр. Бұрын үйеңкі ағашының тұқымы жерге, үйдің шатырына түсіп, үнемі тазалаумен шаршайтынбыз. Қазір жап-жасыл аққайың ағаштарын отырғызып жатыр. Менің үйімнің шатыры ауыстрылды. Сондай-ақ, бұрын немеремнің шығып ойнайтын, тіпті серуендейтін жер болмайтын. Қазір балалар алаңқайы салынады деп жатыр.

Мамыр айынан басталған абаттандыру жұмыстары қазан айының соңына дейін жалғаспақ.

Жанбота Естайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:18, 26 қазан 2020
«AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...