ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ОЙЫН АЛАҢЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МӘЗ ЕМЕС

20:51, 4 маусым 2020

Облыс орталығында балаларға арналған ойын алаңдары көптеп салынуда. Бірақ өкінішке қарай, оған ұқыпсыз қарайтын адамдардың қарасы көбейген. Мысалы, осыдан нәбәрі екі жыл бұрын Ж.Қизатов көшесі, 5Н мекенжайында тұрғызылған ойын алаңының техникалық жағдайы қазіргі таңда мәз емес.

- «На ней катаются взрослые мужщины большого веса, порядка 60-80 килограммов. Соответственно она под это не рассчитанно. И вот сейчас находиться в таком состояний.»

Бұл ойын алаңы балаларға 2018 жылы берілген еді. Оған жергілікті бюджеттен 15 миллионға жуық теңге бөлінді. Бірақ, адамдардың ұқыпсыздығынан ол екі жылдың ішінде ескіріп, техникалық жағдайы нашарлады.

БАҚЫТ ИЛЬЯСОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Қала бойынша ойын алаңдары жыл сайын тұрғызылады. Бірақ, бір өкініштісі, тұрғандар оған немқұрайлы қарайды. Салдарынан, ол көпке шыдамай, бұзылып қалады.»

Мұнымен қоса, біреулер бұл жерден мына тартан жамылғысының бір бөлігін ұрлап әкеткен. Сондықтан келешекте балалар алаңының айналысына бейнекамералар да орнатылады.

БАҚЫТ ИЛЬЯСОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

« Тартан жамылғысының бір бөлігі жоқ. Оны тұрғындардың өздері ұрлап әкетті деп ойлаймын. Біз полицейлерге арыз жаздық. Бірақ, күні бүгінге дейін ұрылар табылмады.  Мұның барлығы балақайлар үшін жасалынды ғой. Сондықтан оған ұқыпты қарайық.»

Әкімдіктегілердің сөзінше келесі аптада бұл алаңда қайта қалыпқа келтіру жұмыстары басталады. Оған бюджеттен шамамен 300 мың теңге бөлінді.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...