ШҰҒЫЛ! "5-20-25" ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ

17:55, 12 қыркүйек 2019

Жасанды аттестаттар мен дипломдарды  беру, мекемеде жұмыс істемейтін адамның атына еңбекақы жазу, емтихан қабылдағаны үшін ақша сұрау.  Білім беру саласында орын алатын жемқорлық фактілерінің басым бөлігі осы бұзушылықтармен байланысты. Ел Президенті халыққа Жолдауында қоғамды бұл індеттен толықтай арылту керектігін баса айтты.  «Нұо Отан» партиясының облыстық филиалында өткен қоғамдық кеңестің кезекті отырыс осы  мәселеге арналды.

Сыбайлас жемқорлық фактілері ең көп кездесетіндердің  ішінде білім беру мен құрылыс салалары бар. Солтүстік Қазақстандық екі оқытушы өткен жылы пара алып ұсталды.

СВЕТЛАНА ЗАЙЦЕВА, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ӨКІЛІ:

- Біреуі Ұлттық Ұлан әскери институтында болған,  екіншісінде медициналық колледжде тіркелді.  Екеуі де тиісті жазаларын алып, қомақты айыппұл төледі. Сондықтан осы мекемелердің ұжымдарымен біз жарты жылда бір рет кездесіп, заң талаптарын түсіндіріп отырамыз

Ал облыс мектептерінің ешқайсысында жемқорлық фактілері тіркелмеген. Білім беру жүйесі тұрғындарға 36  мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Тиісті органдардың тексерісінен кейін  қызмет көрсетуде бірқатар қателіктер мен бұзушылық анықталды.  Оған қоса, жыл сайынғы қаржылық есептік және сәйкестік аудиттің нәтижесінде де олқылықтар бар.   

ЗЫЛИХА ОТАРҒАЗИЕВА, СҚО ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- 2017-2019 жылдары  жүргізілген аудиттік тексеріс бюджеттік 8 млн теңгені қамтыды.  92 аудиттік шарада 1 млн 688 мың теңгенің  бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік сатып алулар кезіндегі бұзушылық мөлшері 833 млн теңгені құрады. Қаржылық бұзушылық 461 млн теңге дейін жетті. 

Қоғамдық кеңес мүшелері жоғарыда айтылған бұзушылықтың бәрін назарға алып, білім беру және өзге салаларда сыбайлас жемқорлықты болдырмауын қатаң бақылап отыратындарын айтты.    

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ШУЛАТҚАН  АУЫЛ ӘКІМІ
17:58, 18 қараша 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ШУЛАТҚАН АУЫЛ ӘКІМІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ
13:10, 18 қараша 2019
ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар