ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

ОҚУШЫ ГЕРМАНИЯДАҒЫ САММИТКЕ ҚАТЫСАДЫ

17:56, 14 тамыз 2019

Петропавлдық оқушы қазан айында Германияда өтетін «Балаға мейірімді қала» атты саммитке қатысады. Аталмыш жиынға  Қазақстан атынан тек 2 оқушы ғана барады.  Соның бірі-өңір тұрғыны  Әлихан Көшербаев. Ол жолдаманы ЮНИСЕФ - БҰҰ балалар қоры ұйымдастырған конкурсқа қашықтықтан қатысып  жеңіп алды. Енді халықаралық саммитте өз жобасын таныстырып, қорғамақ.

Әлихан Көшербаев өңірдегі «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы.. ЮНИСЕФ-тің ұйымдастыруымен  «Егер мен  әкім болсам» тақырыбында өткен конкурста 1 орын алған. Сайыстың шарты бойынша әрбір қатысушы өз қаласындағы мәслелер туралы жоба құрастыру  керек.  Ел бойынша бұл сайысқа қатысуға 40-қа жуық бала ниет білдірген.

ӘЛИХАН КӨШЕРБАЕВ,  ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен бұл сайыс туралы  досымнан естідім. Бұған дейін қалада кездесетін мәселеледі түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктейтінмін. Сосын бағымды сынап көрмек болдым.  Кейінен жеңіске жеткенімді Нұр-Сұлтан қаласынан делегация мүшелері  хабарласып айтты.  

Әлихан маусым айынан қоғамдық көлік мәселесін зерттеп, нәтижесін әлеуметтік желілерге  салып отырған. Бар-жоғы бір-екі айдың ішінде  жасөспірім 30-ға жуық жазба қалдырған. Өз хоббиын арнайы жобаға айналдырған ол қала тұрғындары арасында сауалнама да  жүргізген екен. Оның айтуынша,өңір тұрғындарының 80 пайызының қала ішілік автобустардың жұмысына көңілдері толмайды.  Тағы бір мәселе, еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда әрбір аялдамада автобустардың бағыттары көрсетілген сызба бар. Ал бұл жаңашылдық біздің өңірге әлі де жетпепті.  

ӘЛИХАН КӨШЕРБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Бізде автобустар өте ескі. Ол біріншіден біздің экологиямызға зиян. Және ыңғайсыз. Және қазір бірнеше автобустар қатынайтын аялдамаға барсаң,  қала қонақтары немесе ата-әжелер мына автобус қайта барады деп сұрап, бағытын білмей жатады. Егер вытобустардың  жүру  бағытын сызба арқылы көрсетіп қойса, өте ыңғайлы болар еді деп ойлаймын. Және қалада көптеген  шағын көшелерде жол белгілері жоқ. Әлеуметтік мәселені қозғайтын жобамды мен Германиядағы саммитте қорғасам деген жоспарым бар.

Айта кетейік, бүгінгі күні Әлихан   қаламыздағы бірнеше аялдама үшін өзі сызба құрастырған. Бұл жұмысын алдағы уақытта қала әкімдігіне ұсынбақ.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІСТЕР МОЛ ӨНІМ БЕРДІ
18:00, 10 желтоқсан 2019
ТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІСТЕР МОЛ ӨНІМ БЕРДІ
Толығырақ...
МЕРЕКЕЛЕР ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛМЕК
17:53, 10 желтоқсан 2019
МЕРЕКЕЛЕР ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...