ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

ОҚУШЫЛАР СПАРТАКИАДАСЫ

17:04, 11 шілде 2019

Қала күнін шілде айының екінші жексенбісі атап өтуді Қызылжарлықтар игі дәстүрге айналдырған. Жерлестеріміз бүгінгі күні мерекені тойлауды бастап та кетті. Мейрамға  орай қала мектептері жанынан құрылған үйірмелер арасында «Бақытты қала» атауымен спартакиада өтті. Оқушылар спорттың 5 түрінен  бақтарын сынады.Қай білім ордасының асығы алшысынан түсті екен? Келесі бейнематериалға назар аударайық.

2013 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл оқушылар спартакиадасына облыс орталығындағы 22 үйірме командалары қатысты. Шағын футбол, шахмат, қол күрестіру, жеңіл атлетика, қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ. Шағын футболдан жеңімпаз атанған команда қала әкімінің кубогымен және арнайы спорттық формалармен марапатталды.

ИДЕЯ СЕЙТМҰҚАНБЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖҰМЫС ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз бүгін қала күніне орай оқушылар спартакиадасын өткізіп жатырмыз. Мақсатымыз  жаз мезгілінде демалыс уақытында  оқушылардың уақытын тиімді өткізу. Барлық мектеп жанынан құрылған спорттық үйірмелердің қатысушылары қатысып жатыр. Аталмыш сайыстарды біз дәстүрлі түрде өткіземіз.

Қаланың 14 командасы шағын  футболдан бақ сынасты. Солардың бірі- Қазақ мектеп гимназиясы жанынан құрылған «Балдырған» футбол тобы.  Доп шеберлері көптеген республикалық сайыстардың қатысушылары екен. Бүгінде 1-0 есебімен «Импульс»  командасын жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.

ДИАР ЖАПАРОВ, «БАЛДЫРҒАН» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ:

- Кішкентай кезімнен атақты футболшы Криштиано Рональдоға жанкүйермін. Ол кісіге қатты қызыққандықтан дәл осы футболды таңдадым. Бүгінгі ойынғада дайындығым жақсы, жеңіс бізге бұйырады деп ойлаймын.

АСЛАН БАЙҚАДАМ, "БАЛДЫРҒАН" ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ:

- Қарсыластарымыз өте мықты болды. Бүгін ақтық финалға жетеміз деп ойламап едім. Бірақ міне әкімнің кубогына ойнаймыз қазыр. Қарсыластарымызға сәттілік тілейміз. 

Спартакиада бағдарламасына  күш сынасу мен қатар  ақыл-ойды дамытатын ойындар да кірген. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалаққа қатысушылардың бірі- Бахтияр Жұрнаш. 2 жылдан бері осы ойынмен кәсіби түрде айналысады  екен.

БАҚТИЯР ЖҰРНАШ, ҚАТЫСУШЫ:

- Мен бұл ойынды газет пен интернеттен үйрендім. Болашақта осы ойынды жалғастырғым келеді. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.

Спартакиада қорытындысы бойынша шағын футболдан 3-ші орынды «Жеңіс» командасы иеленсе, ал «Балдырғандықтар» күміс жүлдені  қанағат етті. Қала әкімінің кубогын «Элегия» жасөспірімдер клубы жеңіп алды.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ  1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
18:05, 19 шілде 2019
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ 1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...