ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР Толығырақ

ОҚУШЫЛАР ЖЕТІСТІГІ

20:45, 17 қазан 2019

Маусымның 25-і мен 27-і аралығында Нұр-Сұлтан қаласында аяэроғарыш тақырыбында «Nazarbayev Fund Schools Challenge-2019» байқауының ақтық кезеңі өтті. Конкурсқа қатысуға еліміздің әр түпкірінен 20 команда ниет білдіріп, өз білімдерін сарапқа салды. Оның арасында өңіріміздегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары да бар. Балалар өз жобаларын сәтті қорғап, нәтижесінде екі оқушы Лондондағы Крэнфилд университетіне жолдама  алып, бір апта бойы оқу курстарынан өтті. Бүгін жас дарындарды облыстық Әділет департаментінің өкілдері марапаттады.

«Nazarbayev Fund Schools Challenge-2019» байқауын жылдағы дәстүрмен ҚР Әділет министрлігі ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Қорымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Басты мақсат- оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыру. Жалпы, сайыс екі кезеңнен тұрды. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары болашақ тікұшақтың тиімділігін зерттеді. 

ВАСИЛИЙ КРЮЧКОВ, ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:

Байқауға наурыз айынан бастап дайындала бастадық. Жобалар тек ағылшын тілінде қорғалды. Біз болашақ тікұшақтың тиімділігін зерттедік. Осы байқау арқылы мол тәжірибе жинадық. Жобамыз комиссия мүшелерінің көңілінен шықты. Жалпы, аталмыш байқауға 80-нен астам оқушы қатысты. 

Екі оқушы Ұлыбританиядағы Крэнфилд университетіне жолдама алып, бір апта бойы оқу-курстарынан өтті. Конкурста жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларды Әділет департаментінің өкілдері марапаттады.

ӘМІР САЙЫНЖАН, ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Шынында осы жарыс маған өте ұнады. Себебі, онда мен әр-түрлі жаңа мәлімет алдым. Тәжірибе алдым. Мысалы басқа адамдармен сөйлескенде мен олардың әр-түрлі иделарын, шешу жолдарын білдім. Менің білімі тереңдей түсті.

Байқау 16-18 жас аралығындағы, ағылшын тілін еркін меңгерген, физика-математика және жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктері мен өзіндік жобалық тәжірибесі бар оқушылар арасында өткізілді. Мұндай байқауларға енді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары жыл сайын қатысуды мақсат етіп отыр.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІ БІРДЕН 3 АЙҒА ҰЗАРТЫЛАДЫ
17:24, 9 шілде 2020
МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІ БІРДЕН 3 АЙҒА ҰЗАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ӨҢІР КӘСІПОРЫНДАРЫНДА 21 ЖҰМЫСШЫ ЖАРАҚАТ АЛДЫ
17:23, 9 шілде 2020
ӨҢІР КӘСІПОРЫНДАРЫНДА 21 ЖҰМЫСШЫ ЖАРАҚАТ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...