ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ӨНДІРІСТЕГІ ЖАРАҚАТ

17:57, 16 шілде 2019

Жыл басынан облыс кәсіпорындарында жұмысшыларға қатысты  16 оқыс оқиға тіркеліп, салдарынан 9 адам ауыр жарақат алған. Ал біреуі көз жұмды. Өндіріс ошақтарында жұмысшылардың зардап шегуіне не себеп? Келесі бейнематериалдан толығырақ.

Өткен жылы өңір кәсіпорындарында 41 оқыс оқиға тіркеліп, салдарынан 2 адам көз жұмған болатын. Биыл да жағдай мәз емес. Жыл басынан өндіріс ошақтарында  16 апаттық жағдай орын алған.

МИРАС САБАҒАНОВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Өткен жылға қарағанда биыл өндіріс саласында жарақат алу көрсеткіші 61 проценке төменндеген. Оқыс оқиғалар негізінен жұмыс берушінің жұмыс үрдісін дрыс ұйымдастырмауынан және жұимысшының техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болады.

Мемлекеттік еңбек инспекциясының келтірген стататистикасына жүгінсек, апатты оқиғалардың басым бөлігі ауыл шаруашылық саласы мен шағын бизнес субьектілерінде боллады. Көп жағдайда жұмысшылар байқаусызда құлап немесе түрлі техникаларды дұрыс қолданбау кесірінен жарақаттанып жатады.

 МИРАС САБАҒАНОВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Егер жұмысшы жұмыс орынында жарақаттанып қалса, еңбек инспекциясының жергілікті органдарына арыз жаза алады. Содан соң 10 күн көлемінде тексерісжүргізіліп, жиналған материалдар Ішкі істер органдарына жіберіледі. Бұл жағдайда жұмыс беруші жұмысшының емдеу ақысын толығымен өтеуге тиіс.

ҚР еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші жұмысшылардың жарақат алып қалмауын қадағалап, ескі жабдықтарды жаңасына ауыстыру тиіс. Сондай – ақ жүйелі түрде техникалық қауіпсіздік шараларын өткізіп тұрғаны да артық етпейді. Оған қоса жұмысшыларды толықтай арнайы киіммен немесе құралдармен қамтамасыз еткені жөн.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...