ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛАНДЫРУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ Толығырақ

«ÓNEGE» АЙМАҚТЫҚ ФОРУМЫ

17:54, 4 қараша 2019

Өткен 9 айдың қорытындысы бойыша облыста 2609 жаңа отбасы құрылған. Мамандардың пікірінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда жақсы көрсеткіш. Алайда 1500ден астам жұп керісінше ажырасуға өтініш білдірген. Және олардың көбі жас отбасы екен. Бұл туралы бүгінгі «Өнеге» аймақтық  форумында айтылды. Шаңырақтың шайқалуына  не себеп? Психолог мамандардың ерлі-зайыптыларға берер кеңесі қандай? Арна тілшілерінің бейнематериалы.

Еліміздің 9 облысында  3 маусымнан бастап отбасыларды әлеуметтік  қолдау орталығы ашылған. СҚО да  бұл тізімде бар.Орталықта психолог, реабилитолог, нейропсихолог сынды тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Мақсат, жас отбасыларға қолдау көрсетіп, шаңырағы ортасына түскелі тұрғандарға ақыл-кеңес беру, отбасын сақтап қалу.

ТАТЬЯНА КОВАЛЕВА, ӨҢІРЛІК ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Біздің орталыққа жүгінген отбасылардың көбінде негізгі мәселе - алкогольдік ішімдікке тәуелділік. Салдарынан ерлі-зайыптылар арасында қиындық туындап, бір-бірін түсінбей жатады. Кейбіреулері тіпті ажырасуға дейін барады. Ата-ана арасындағы дау балаға әсер ететіні сөссіз. Сондықтан да біз балалармен де жеке жұмыс істейміз.

Жоба аясында 800ге жуық адам қамтылды. Психологтардың айтуынша, жас отбасылардың дағдарысын бірнеше  кезеңге бөліп қарастыруға  болады. Біріншісі бір-бірінің мінездеріне шыдамай, отбасылы болғандарына 1 жыл толмастан айрылысса, енді бірі  бала туғаннан кейін, араларында түсініспеушілік туындап ажырасып жатады екен.

ИРИНА ЯКИМОВА, ПСИХОЛОГ:

- Отбасы құрғаннан кейін екі тарап та бір-бірін тыңдай білулері керек. Себебі, ерлі-зайыптылар өз дегенімен жүретін болса, соңы жақсылыққа апармайды. Және жауапкершілікті сезіне білуі керек. Егер, отбасында қиындық туындаса екеуі бірдей  көтеріп, оған қарсы тұрулары керек.Міне, бізде ажырасып жатқан жас отбасыларда осы мәселелер кездеседі.

Мамандардың айтуынша,  қазіргі уақытта ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары да  өз  блаларымен қалай тіл табысып, қандай қарым-қатынаста болу керек екенін білмейді. Осы мәселе бойынша да өңір тұрғындары психолог мамандарға жүгінеді екен. Жиын барысында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, келушілерге ақыл-кеңестер айтылды. Ал, аталмыш «Өнеге» форумының республикалық кезеңі қараша айында Алматы қаласында өтеді.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

21 ҚАРАША - БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ
17:45, 21 қараша 2019
21 ҚАРАША - БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар