ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

ӨНЕР ШЕКАРА ТАҢДАМАЙДЫ

18:15, 12 шілде 2019

Қала күні қарсаңында Петропавлда халықаралық «Өнер шекара таңдамайды» атты этно-фальклорлық фестиваль өтті. Мұндағы мақсат  - шекаралас  өңірлермен мәдени қарым-қатынасты нығайтып, ұмыт бола бастаған халық әндері мен  тарихи-мәдени мұраны халық жадында жаңғырту.  Шарада   жергілікті  және  Омбы, Түмен, Қорған мен Челябі облыстарының  әнші-бишілері өнер көрсетті.   

«Өнер шекара таңдамайды» атты   этно-фольклорлық фестивалі осымен 4-ші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Қазақстан халқы  ассамблеясының  өңірлік  филиалы  мен   «Қоғамдық келісім»  орталығы бірлесе ұйымдастырған. Алғашында тек жергілікті әнші-бишілер өнер көрсетсе, соңғы жылдары көрші елдің өнерпаздары да қатысатын болған.  

МАРИЯ ТАТАРЕНКО, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Фестивальдің осы жылғы айырмашылығы қатысушы топтар екі тілде ән айтуы керек. Өз репертуарларындағы жеке әндері болса да жарайды. Соңғы жылдары қатысуға ниет білдірушілер саны да артып келеді.

Фестивальға қатысушылар халық әндері мен  музыкалық шығармаларды орындап өз  қабілеттерін көрсетті. Омбы және Түмен облыстарының өнерпаздары осындай фестивальдар арқылы  басқа елдердің ұжымдарымен қарым-қатынас жасау  жаңа шығармашылық мүмкіндіктерге  жол  ашады дейді.

 ЕЛЕНА СКРИПНИК, "УКРАИН - ТҮМЕН" ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Біз Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмыз. Өте жақсы қарсы алды.Қонақжай халық екенін дәлелдеді. Биыл біздің шығармашылық тобымызға 15 жыл толады. Бүгінгі фестивальге де өзіміздің жеке әндерімізді алып келді. Украин және орыс тілінде ән айтамыз. 

Шекаралас өңірдің өнерпаздарымен қатар, біздің жерлес әнші, бишілерімізде фестивальде өнер көрсетті. Солардың бірі- Калі Ласка  этно-мәдени орталығы. Биыл бұл әншілер өздерінің 15 жылдық мерейлі мерекелерін атап өтпек екен.

ТАМАРА ТКАЧЕНКО, «КАЛІ ЛАСКА» ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Бүгін біз үшін өте жауапты күн. Біз Қызылжар ауданының намысын қорғап, осы фестивальге қатысып жатырмыз.  Бүгінгі күні қазақ елінде өз    тілімізде   ән айтып, осындай сайыстаға қатыса алатынымызға өте ризамыз. Бүгін белорус және қазақ тілінде ән айтып, өнер көрсетеміз.

Фестиваль соңында  барлық өнерпаздарға  арнайы сертификаттар мен бағалы сыйлықтар да табыс етілді.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ  1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
18:05, 19 шілде 2019
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ 1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...