ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ӨҢІР СТУДЕНТТЕРІ АРКТИКАДАН ОРАЛДЫ

20:44, 15 тамыз 2019

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың екі студенті «Жасыл арктика» атты экологиялық экспедициядан оралды. Олар РФ аумағында орналасқан Вилькицкий және Белый аралдарында 30 күн болып, ол жерлерді қоқыстан тазартуға көмектескен. Бұл іс-шараға жергілікті студенттер екінші жыл қатарынан қатысып отыр.

Экологиялық экспедицияға бірнеше мемлекеттің 30 еріктісі қатысты. Қазақстаннан бұл экспедицияға екі адам қатысса, оның екеуі де СҚМУ-дің студенттері. Биыл еріктілер аралды қоқыстан тазарту бойынша рекорд орнатыпты. Олар 60 гектар аумақтан 200 тонна темір қалдығы мен 500-ден астам ескі бөшкелерді шығарып, 20 құрылыс нысанында демонтаж жұмыстарын жүргізген.

РОМАН ГИРИЧЕВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ МАГИСТРАНТЫ:

- 2017 жылға дейін Белый аралы қоқыстан тазартылды. Содан соң Вилькицкий аралына ауысты. Міне үш жыл қатарынан атлмыш аралдың қоқыстары жиналып, сондағы нысандарға түрлі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ондағы ауа райына келер болсақ, қазір +15 ден -1 градуска дейін суытады. Командамызда тек ер балалар болды. Арамызда ешқандай келіспеушіліктер туындламауы үшін бізді экспедицияға аттанар алдында 5 күн бойы дайындады. Сондай-ақ аталмыш аралда ақ аюларды кездестірдік. Бір сөзбен айтқанда керемет әсер алдым.

Бұл экспедицияны Ресейдің геограриялық қоғамы 2012 жылдан өткізіп келеді. Дегенмен оған біздің өңірдің студенттері былтырдан бастап қатыса бастады. Аталмыш шара жер шарында болып жатқан глобалдық проблемаларға әлемнің назарын аударту мақсатында қолға алынған.

СЕРГЕЙ ПАШКОВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ "МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ  ҒЫЛЫМДАРЫ" ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

Ресейдегі әріптестеріміздің айтуынша біздің студенттер өздерін жақсы қырларынан көрсеткен. Сондықтан келер жылы тағы қатысатын ойымыз бар. Жалпы бұл өте игі шара. Өйткені жер шарының ластануы әлемге ортақ проблема. Оны шешу үшін жұдырықтай жұмылып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бәріміз бірдей ат салысуымыз керек.

Аталмыш экспедицияға жергілікті студенттер келер жылыда аттанады. Айта кететін жайт осы кезге дейін оған еліміз бойынша тек өңір студенттері ғана қатысқан.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...