ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ 300-ДЕН АСА ЖЫЛЫТУ ПУНКТІ БАР

20:37, 13 қаңтар 2021

Ақ түтек боран күндері жолаушылардың діттеген жерлеріне аман есен жетулері үшін барлық жағдай жасалуда. Өңірде көлік ағыны көп күре жолдардың бойы қардан тазаланып, тұрғындардың тоңып қалмаулары үшін 300-ден аса жылыту пункті құрылды. Әріптесім, Майгүл Сейілбек Мамлют қаласында орналасқан дәл осындай бекеттің бірінде болып қайтты.

Мамлют каласындағы қазақ мектеп-интернатының ғимаратында орналасқан жылыту пункті бұл жерде 2017 жылы құрылған. Мұнда асхана, медициналық бөлме және жатын орын бар. Уақытша орналастыру орны бір мезетте 100-ден аса адамды қабылдауға қауқарлы. Алайда, мамандардың сөзінше бұл жерге келетін тұрғындардың саны көп емес. Мәселен, 2019 жылы құтқарушылар қар құрсауында қалған 1 азаматқа көмек көрсеткен.

АЙДЫН ҒАСАНОВ, МАМЛЮТ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- 2018-2019 жылдары Мамлют ауданы бойынша 1 жағдай тіркелді. Ледёнов ауылдық округінде көлік сынып қалып, қар құрсауында қалып қойды. Біздің жедел әрекет ету тобының мамандары бірден оқиға орнына жетіп, жерлестерімізді құтқарып, алғашқы көмек көрсетті.

Мамлют ауданы бойынша 14 жылыту бекеті бар. Оның 3-і аудан орталығында орналасқан. Барлығы да тиісті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен қамтылған. Өңір бойынша дәл осындай 300-ден аса уақытша орналастыру орны бар. Оның 10-ы республикалық, 30-ы облыстық және қалғаны жергілікті маңыздағы жолдардың бойында орналасқан. Жалпы облыс құтқарушылары  қыс мезгілі басталғалы бері 7 құтқару операциясын өткізген. 

СЕРІК НАУРЫЗБАЕВ, СҚО ТЖД БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Бәрімізге белгілі желтоқсан айының аяғында біздің мамандар жас босанған ана мен сәбиді аман алып қалды. Оқиға Ғабит Мүсірепов ауданында болған. Жедел жәрдем көлігі жол жиегіне шығып кетті. Құтқарушылар оны алып шықты. Тұрғындарға тез көмек көрсету үшін жол таңдамайтын 39 техника, 14 арнайы топ жұмыс істейді.

Құтқарушылармен қатар жолда  қиын жағдайға тап болғандарға тәртіп сақшылары да көмек көрсетуге әзір. Облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарда күн сайын патрульдік полицияның 15 экипажы тәулік бойы қызмет көрсетеді.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖПҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Қыс басталып, ауа райының бұзылуы мен температураның төмендеуіне байланысты ағымдағы жылдың басынан Патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен көлік құралдарының істен шығуына байланысты жолда қалған 20-дан астам азаматтарға көмек көрсетілді. Олардың барлығы эвакуацияланып, жақын маңдағы жылыну пункттеріне жеткізілген.

Бүгінгі таңда облыстың инфрақұрылымында 9 мыңнан аса шақырым жалпы пайдаланымдағы автожол бар. Оның ішінде 2мыңға жуығы республикалық қалған 7мыңы жергілікті. Соның төрттен бір бөлігі боранды күндері қар құрсауында қалады.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

-ТЖД мамандарының сөзінше солтүстіктің қақаған қысында жолға шығарда міндетті түрде жылы киініп, көліктің технкиалық жағдайын тексеріп алған жөн. Сонымен қатар, құтқарушылар аязды күндері алыс сапарларға мүлдем бармауға кеңес береді.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

​ОБЛЫС АУМАҒЫНДА БІР АЙДА 60 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
20:40, 26 қаңтар 2021
​ОБЛЫС АУМАҒЫНДА БІР АЙДА 60 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
1 АҚПАННАН  ЕСКІ БАНКНОТАЛАР АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАДЫ
17:15, 26 қаңтар 2021
1 АҚПАННАН ЕСКІ БАНКНОТАЛАР АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...