ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ӨҢІРДЕГІ ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ БАРЫСЫ

15:17, 13 маусым 2019

Биыл өңірде 600 шақырымға жуық автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланған. Жұмыстар облыстың барлық аудандарын қамтымақ. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары басталып кетті. Учаскелердің бірінде біздің түсірілім тобы болып қайтты.

Бұл Покровка, Корнеевка, Горное елдімекендерін басып өтетін  автомобиль жолы. Қазір мұнда 12,2 кмге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні жұмыс 40% - ға орындалып, қазан айының соңына дейін толық аяқталады. Айта кету керек, көктемгі тексеру қорытындысы бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 61% қанағаттанарлық жағдайда.

НҰРЛАН БЕКМАҒАНБЕТОВ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

- Облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенді жоспары әзірленді, осыған сәйкес, 2019-2021 жылдарға автомобиль жолдарын жөндеуге 62,7 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінеді, оның ішінде 2019 жылы автомобиль жолдарын жөндеуге 18,7 млрд теңге , оның 15,3 млрд теңгесі – республикалық бюджет, 3,4 млрд теңгесі-жергілікті бюджеттен бөлінеді.

Нұрлан Бекмағанбетов атап өткендей, жоспарды жүзеге асыру барысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы 73% - ға дейін жақсармақ.

Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ортақ қолданыстағы автомобиль жолдарының желісі 9 000 шақырымды құрайды, оның ішінде 1 468 шақырымның республикалық маңызы бар және қалғаны жергілікті маңызға ие.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
17:55, 19 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
Толығырақ...