ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ 92 ЕЛДІ МЕКЕНІН СУ БАСУЫ МҮМКІН

20:36, 26 ақпан 2020

Биылғы қалың жауған қардың салдарынан облыс бойынша, 92 елді мекен мен Петропавлдың 250-ге жуық шеткі аумақағы үйін қызыл су басуы мүмкін. Бүгін облыстық әкімдікте өткен жиында  көктемгі су тасқынның алдын алу жұмыстары қызу талқыланды.

Казгидромет мамандарының айтуынша, бүгінге дейін жауған қардың қалыңдығы  кей жерлерде  48см-ге дейін жетеді.  Көктемде бұл қар еріген кезде, ылғалдың мөлшері нормадан екі есе асады. Өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып, су басу қаупі жоғары 92 елді мекеннің  60-ының маңында топырақтан бөгет жасалды.

ҚЫМБАТ МЕРҒАЛИМОВА, «КАЗГИДРОМЕД» РММ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгін облыстың өзен-көлдерінде су молынан жиналған. Сергеев су қоймасы 95 процентке толы, бұл 2017 жылдың көрсеткішіне сәйкес келеді. Биылғы қыс ерекше жылы болғандықтан, көктем ерте келіп, мұз тез ериді. Наурыздағы ауа температурасы орташа алғанда -6 градусты құрайды. Бұл нормадан 1 градусқа жоғары. 

Соңғы жылдары аудан құтқарушыларының материалды-техникалық базасын жақсарту мақсатында  облыстық бюджеттен   24 млн. теңге бөлінді.  Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары әр ауданның су басу қаупі бар елдімекендер жайында ақпарат берді.

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД  БАСТЫҒЫ:

- Слеті өзенінің бойындағы Уәлиханов ауданының  Қулыкөл мен Қаратал ауылдарын су басуы мүмкін. Өйткені бұл өзенге жиналатын еріген судың мөлшері нормадан 1,5 есе көп. Осыған байланысты аудан әкіміне алдын ала техниканың дайындығын тексеріп, қажет жағдайда көрші облыстың көмегіне жүгінуге дайындалу қажет. 

Петропавлдың шетіндегі 249 үйді  де еріген қар суы басуы мүмкін. Осыған орай, қазір қаланың коммуналдық қызметкерлері қар шығару жұмыстарын күшейткен.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Биылғы көктем қиын болмақ. Селектрлі жиынға аудан әкімдерімен бірге шаруашылық басшылары да қатысып жатыр. 2017 жылғы жағдай қайталанбас үшін, жұмыла шара қолдануымыз қажет. Ауыр техниканы дайындаңыздар. Біздің техникамыз жетпесе, көрші өңірлерден сұраңыздар. 

Жиында айтылған тағы мәселе, 2020 жылы Республикалық халық санағы.  10 жылда бір рет жүргізілетін іс-шара екі кезеңмен жүргізіледі.  Алғашқысы  дайындық кезеңі маусымда өтсе, негізгісі   қарашада жүргізілмек.

МАРАЛ НҰРЖАУЫПОВА, СҚО СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- 2020 жылдың халық санағының ерекшелігі, жаңа технологиялардың қолданылуы.  Ақпарат «sanaq.gov.kz »  сайты арқылы, және  он-лайн режимде өздігінен толтыру арқылы жүргізіледі.  Арнайы оқудан өткен сұбаталушылардың барлығы планшет арқылы жұмыс істейді. 

Халық санағы кезінде 1000-ға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жалақылары 75 мыңнан 95 мың теңгеге дейін болады. Олардың міндетіне үй-үйді аралап, тұрғындардан ақпарат жинау кіреді. Алаяқтықты болдырмау үшін бұл мамандардың арнайы құжаттары және галстуктары болады. Жиында азық-түлік бағалары тақырыбы кезекті рет көтерілді. Кәсіпкерлік және туризм басқармасының есебі бойынша, облыста баға тұрақты.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...