ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ САКРАЛДЫ ОРЫНДАРЫНА 90 МЫҢ АДАМ БАРҒАН

17:59, 29 қараша 2019

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру халықтың санасын өзгертуде нақты нәтиже беріп жатыр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бөлімінің басшысы Эльмира Танақұлова БАҚ өкілдеріне айтып берді. 

Жалпы  «Рухани Жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының шеңберінде 6 бағыт және 136 арнайы жоба іске асырылады. Мәселен, «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасына өңірімізден 33 сакралды нысан кірсе, соның ішінде 8 жалпыұлттық тізімге енгізілген. Ал, 16 нысанның инфрақұрылымы дамыған, тарихи орындарда қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.  Сакралды орындарға түрлі экспедициялық саяхат пен экскурсиялар ұйымдатсырылған. Нәтижесінде жыл басынан қасиетті орындарға шамамен 90 мың ел тұрғыны саяхаттап барды.  

ЭЛЬМИРА ТАНАҚҰЛОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Ірі жобалардың бірі ол осы қыркүйек айында Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемероиалдық кещенінің ашылғанына  20 жыл толуына байланысты Республикалық деңгейде өткен шара. Сонымен қатар, «Заман таспасы» жобасының шеңберінде 120 нысанға QR код орнатылды. Және де ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында «Қызылжар ұлттық спорты» атты республикалық фестиваль өтті. Осы шараның арқасында облысымызда ат спорты түрінен 2 жаңа клуб ашылды. Сондай-ақ, аталмыш спорт түрімен шұғылданатын солтүстікқазақстандықтардың саны 8өскен.

 

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
20:58, 10 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Толығырақ...