ШҰҒЫЛ! ОҢАЙ БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ Толығырақ

ОҢТҮСТІКТЕН СОЛТҮСТІККЕ

13:59, 16 мамыр 2019

Жұмыс күші басым облыстардан біздің өңірге көшіп келген отбасының әр мүшесі 35 АЕК көлемінде демеуқаржы алады. Оған қоса баспана сатып алуға немесе жалдауға да қаражат бөлінеді. Солтүстікке қоныс аудару арқылы азаматтар мемелекетің қолдауымен өз биснестерін ашуға мүмкіндіктері бар.

Өңірімізге қоныс аударған отбасылардың бірі - Бакировтар. Тараз қалсынан көшіп келген ерлі зайыпты қазір Мамлют ауданына қарасты Чистое селосында тұрып жатыр. Келе сала төрт түлігін түгендеген. Азаматтардың қорасында қазір 16 қой, екі сиыр мен жылқысы бар. Екеуі де жұмысқа тұрған.

ЗАРИНА БАКИРОВА, ЧИСТОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көшіп келген соң үш айдан кейін субсидия алдық. Отбасымызда 5 кісіміз. Үш баламыз, мен және күйеуім. Мен уақытша үйде отырмын. Отағасы мал бағады.

Бакировтар отбасына, оңтүстік облыстардан көшіп келген басқаларға секілді,  мемлекет үлкен қолдау көрсетті. 336 мың теңге субсидия, 519 мың теңге баспана үшін берілді. Оған қоса Зарина Бакирова «Бизнес бастау» бағдарламсы бойынша оқу курстарынан өтіп, мал шаруашылығын қолға алу мақсатында жұмыспен қамту орталығынан несие алған.

ТИМУР АЛИШЕВ, МАМЛЮТ АУДАНЫ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

2016 жылмен 2019 жыл аралығында нәтижелі жұмыспен қамту  бағдарламасының үшінші бағытын жүзеге асыру аясында 50 отбасы көшіп келді. Атап айтсақ 2016 жылы 17 отбасы, 2017 жылы 22, ал 2018 жылы 34 жанұя ауданымызға қоныс аударды. 

Биыл ауданға тағы 40 отбасы көшіп келеді деп жоспарланған. Тиісінше жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер қоныс аударушыларға баспана тұрғызуды жоспарлап отыр.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

АВТОМАТТАНДЫРУ – СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҚСАРТУДЫҢ АМАЛЫ
17:57, 17 шілде 2019
АВТОМАТТАНДЫРУ – СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҚСАРТУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...