ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

ОҢТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ

20:40, 6 желтоқсан 2018

Биыл Уәлиханов ауданына еліміздің оңтүстігінен мемлекеттік бағдарлама бойынша 16 отбасы көшіп келді. Дені ауылды жерлерге қоныстанып, жұмыспен, баспанамен қамтылып жатыр. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан әр отбасы мүшесіне 84 мың теңгеден бір реттік жәрдемақы берілген. Оңтүстіктен келген ағайындарымыздың басым көпшілігі «Бастау бизнес» жобасы бойынша, «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында оқу курстарынан өтіп, отбасылық кәсіпті ашуды жоспарлап отыр. Тақырыпты әріптесім жалғастырады.

Биыл Уәлиханов ауданына күнгейден 16 отбасы қоныс аударған. Солардың бірі- Ділдабаевтар әулеті. Олар бұған дейін Шымкент қаласында тұрыпты. Бірақ баспанасы мен тұрақты жұмысы болмағандықтан мемлекеттік бағдарлама қатысып, солтүстікке көшіп келуді жөн санапты. Алдымен осы жерге отанасы Гүлмира немерлерімен бірге, өткен жылдың тамыз айында келсе, ал ұлы мен келіні осыдан бір ай бұрын көш түзепті. Алдағы уақытта олар  «Бастау бизнес» жобасына қатысып, отбасылық кәсіпті ашуды жоспарлап отыр екен.

ГҮЛМИРА ДІЛДӘБАЕВА, ҚОНЫС АУДАРУШЫ:

- Көшіп келгенде шынымды айтсам қорыққан да жоқпын ойлаған да жоқпын. Қалай болады кім мені қарсы алады. Кім мені күтіп алады деп ойлағанжоқпын. Бірақ ешкім жоқ жерге, туысқаным жоқ жерге көшіп келдім. Балам кәсібін ашқысы келіп отыр. Сотка жөндеп, Құдай бұйырса ашады. Бақ шабама бап шабама дейді ғой көреміз не болатынын. Бірақ келгеніме өкінбеймін.

Көшіп келгендердің дені алдағы уақытта ауыл шаруашлығымен айналыспақ. Сонымен қатар, Монғалия елінде тұрып жатқан қандастарымыз да осы жерге қоныс аударуды жоспарлап отыр.

МЕДЕТ ОСПАНОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бала саны біз мақсат қойып отырмыз көп болғанын. Себебі ауылдық жерлерге апарамыз. Ол жерде бізде мектепті оқушылар тапшы. Соған бацланысты көп балалы отбасылар және де біліктілігі бар дипломы бар азаматтарды қабылдаймыз. Олар барлығы мектепке мұғалім қылып орналастырамыз. Бүгінгі күні көщіп келіп отырған азаматтардың ішінде әр отбасыдан бір адамнан кем дегенде  бюджеттік мекемелерге жұмысқа кіріп жатыр.

«Бастау Бизнес» жобасы әсіресе ауылдық жерлерде сұранысқа ие. Биылдың өзіңде «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 112 адам оқу курстарынан өтіп, тиісті гранттарын алған. Осы жобаның арқасында ауданда 35 жаңа жұмыс орны ашылды.

ЗӘУРЕШ МҰСАБАЕВА, УӘЛИХАНОВ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Биылғы жылы олар «Бизнес бастау» бойынша оқуын бітіргеннен кейін несие алды. 38 адам бізде несие алып 141 млн 930 мың теңге несие алып жатыр. Көбінесе олар осы несиені мал шарушылығымен айналысу үшін несие алып, малдарын сатып алды. Ірі қара малдар бар. Арасында ұсақ малдар бар. Және жылқыларды сатып алып отыр.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - халқы тығыз орналасқан оңтүстіктен, жұмыс күші тапшы солтүстік аймақтарға көш басын бұру. Бұл ең бастысы - ауылдық жерлерде жұмыссыздықтың санын азайтады. Былтыр Уәлиханов ауданына Оңтүстік өңірден 5 отбасы көшіп келген болатын. Ал биыл оның саны үш есеге артты. Алдағы уақытта тағы 74 отбасы көшіп келеді деп жоспарланып отыр.  Олар үшін жаңа баспаналар тұрғызылатын болады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...