ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ЖАРЫСЫ

17:20, 22 мамыр 2020

Жылдам, жүйрік, икемді. Облыс орталығында өрт сөндірушілер арасында қалалық жарыс өтті. Бұл жолы мамандар алғаш рет 18 қабатты үйге жылдам көтерілуден жарысты. Дүбірлі додаға №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары - барлығы 20-дан астам адам қатысып, өзара мықтыны анықтады. Әріптесім Нұрбол Балғабековтың бейнематериалына назар аударайық.

Өрт сөндірушілер арасында көпқабатты ғимаратқа жылдам көтерілу бойынша ұйымдастырылып отырған бұл доданының маңыздылығы орасан зор. Өйткені олар осындай сайыстар арқылы өз шеберліктерін одан сайын шыңдай түседі. Бақтарын сарапқа салады. Бұл сайысқа 20-дан астам маман қатысуға ниет білдірген.

БОЛАТ ЖҰМАЖАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ №1 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

«Жігіттердің дене бітімдерін тексеруге. Сосын қандай нәтиже көрсетеді. Қандай уақытта көтеріледі. Бұрын мұндай жарыстар біздің қалада өткізілмеген. Мынау бірінші рет. Практиканы Ресейден және Белоруссиядан қарап алып жатырмыз.»

Апат айтып келмейді. Тосын жағдайда тұрғындарға төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бірінші болып осылай көмекке ұмтылады.  Бұл іс кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шамамен 25 килограмдық арнайы киімді киіп, көпқабатты үйге көтерілген өрт сөндірушілер бұл сынды оңай еңсеріп шықты деп айту қиын. Бірақ, оқыс оқиға болған жағдайда басты міндет- адам өмірін арашалап қалу. 

- «Жақсы бәрі. Қиын болды ма? Қиын болды. Оңай деп айта алмаймын.»

Айта кету қажет, аталмыш дода тек қалалық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары арасында ұйымдастырылды.

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

«Бұл - Петропавлдағы ең биік көпқабатты үйлердің бірі. Ол 18 қабаттан тұрады. Сондықтан оған көтерілудің өзі қиынға соғады. Ал жарысқа қатысушылардың ең жылдамы бұл сынды 2 минут 7 секундтың ішінде орындады. Бұл- ең жақсы көрсеткіш.

Асылбек Жасұланов бұл салада 2 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ол өз ісінің хас шебері.  Асылбек жарыста бар білгенін қолданып, кәсіби маман екенін дәлелдеп шықты.

АСЫЛБЕК ЖАСҰЛАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ №1 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ӨРТ СӨНДІРУШІСІ:

«14-ші қабатқа көтеріле бергенде шаршай бастадым. Бірақ, тоқтаған жоқпын. Соңына дейін жүгірдім. Өйткені, бұл біздің жұмысымыз. Кез-келген оқыс оқиғада дайын болуымыз қажет. Бұл- мен қатысып отырған алғашқы жарыс. Алдағы уақытта одан да жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын.»

Қалалық жарыс алдағы уақытта дәстүрге айналмақ. Доданың қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар үздіктерге грамота мен бағалы сыйлықтар тарту етті.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
17:20, 7 тамыз 2020
СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...