ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ Толығырақ

ӨРТТІҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ЖЕКЕ СЕКТОРДА БОЛАДЫ

20:40, 29 қазан 2020

Жыл басынан облыста 547 өрт тіркелді. Олардың 75 проценті  жеке тұрғын үй секторында болған.  Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өңірлік  коммуникациялар  қызметінің алаңында брифинг өткізіп,  журналистерге 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымы кезіндегі өтрке қарсы сақтық шаралары жайында айтып берді.

Биыл  өрт салдарынан 43 облыс тұрғыны мерт болды. Бір өкініштісі, олардың 5-уі  бала.  Материалдық шығын 116 млн теңгеге дейін жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.  Биыл 8 өртте 20 адам қаза тапты. Қайғылы оқиғалардың соңғысы 27 қазанда тіркелді.

ЖАЗИРА ҚОЖАХМЕТОВА, СҚО ТЖД АҚПАРАТТЫҚ ТАЛДАУ ТОБЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- 27 қазанда Петропавл қаласының Ойқала шағын ауданындағы жеке үйде болған өрт орнынан 1973 жылы туған үй иесінің денесі табылды. Өрттің себебі-жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы. Сол күні Айыртау ауданының айыртау селосының маңындағы карьердегі жылжымалы тұрғын вагонда юолған өрттің құрбаны  «Көкше-бур» ЖШС жұмысшысы. 1960 жылы туған адам. Өрттің себебі пештің пайдалану ережесін бұзу.

Біздің облыс адам өлімі бойынша 2-ші орында тұр. Өрт кезінде улану салдарынан да қаза тапқандар бар.

- 2019 жылы осы себеппен 27 адам зардап шекті. Бір адам қайтты. Биыл 4 адам улы газға уланып, көз жұмды. Олардың біреуі бала. Осындай оқиғалардың соңғысы 25 қазанла Қызылжар ауданының Петерфельд селосында болды. Жеке үйде екі жансыз адамның денесі табылды.

Қаза тапқандарың ішінде алкогольді ішімдіктің салдарынан мерт болғандар да бар.  Осы ретте департамент мамандары осал топқа жататын өңір тұрғындары мен олар тұратын 4557 мекенжайды есепке алды.  Алдын алу мен түсіндіру жұмыстары ең әуелі осында өткізіледі. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

78 АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНЫ ЖЫЛДАМ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:40, 23 қараша 2020
78 АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНЫ ЖЫЛДАМ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
АЛҒАШҚЫ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫНЫҢ АШЫЛҒАНЫНА 100 ЖЫЛ
20:36, 23 қараша 2020
АЛҒАШҚЫ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫНЫҢ АШЫЛҒАНЫНА 100 ЖЫЛ
Толығырақ...
ДӘРІ-ДӘРМЕК ЗАҢСЫЗ САТЫЛЫМНАН АЛЫНДЫ
17:19, 23 қараша 2020
ДӘРІ-ДӘРМЕК ЗАҢСЫЗ САТЫЛЫМНАН АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...