ШҰҒЫЛ! ОҢАЙ БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ Толығырақ

ОТАН - ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

17:52, 15 мамыр 2019

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні. Айтулы датаға орай  42 орта мектепте «Мерейлі отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл жолы ата аналар, оқушылар мен мұғалімдер мектеп пен отбасының қарым-қатынасы жайында ой бөлісті. Сондай-ақ, Елбасының «Рухани Жаңғыру» және «Мәңгілік ел» бағдарламаларына байланысты пікір-талас ұйымдастырылды.

42-ші орта мектепте Халықаралық отбасы күні дәстүрлі түрде тойланады. Басты мақсат- жанұя мен мектептің байланысын нығайту. Биыл оған 8 және 11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.

БЕКАЙДАР ШАЛАҚАЕВ, №42 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

Жанет Шоқаева - мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді. Ал оның қызы осы білім ордасында 8-сыныпта оқиды екен. Айтуынша, ата аналар, оқушылар мен ұстаздар әрбір шарада осылай бас қосып, бірде-бір мейрамнан шет қалмай, көңілді етіп тойлайды.

ЖАНЕТ ШОҚАЕВА, ҰСТАЗ

Айта кету қажет, бүгінгі күні 42 орта мектепте 685 оқушы білім нәрімен сусындап келеді.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

АВТОМАТТАНДЫРУ – СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҚСАРТУДЫҢ АМАЛЫ
17:57, 17 шілде 2019
АВТОМАТТАНДЫРУ – СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҚСАРТУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...