ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫН ОҚЫТАДЫ Толығырақ

ОТБАСЫ - ҚОҒАМ ДІҢГЕГІ

18:38, 16 мамыр 2018

Халықаралық отбасы күнін  Петропавлдағы   «Бал Арман» балабақшасы жанұялық сайыстармен  атап өтті. Шараның басты мақсаты  - ата-аналар мен білім беру  мекемесі арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бүлдіршіндерге отбасы құндылығының  мәнін түсіндіру. Өнерлі отбасылармен арнамыздың түсірілім тобы танысып қайтты.

«Бал Арман» балабақшасында бүгінгі күні 60-қа жуық бала тәрбиеленуде. Мекеме директоры Балдырған Ілиясовтың айтуынша осындай шара 2-інші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

БАЛДЫРҒАН  ІЛИЯСОВ, «БАЛ АРМАН» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгінгі шара бүкілдүниежүзілік отбасы күніне арналып отыр. Екіншіден біздің «Бал арман» балабақшасында отбасына арналған сайыс өткізілуде. Сайыстың мақсаты мынау біздің президентіміз айтып жатыр ғой Рухани жаңғыру Отан сүйгіштікке, жерін,елін сүюге тәрбиелейді деп, сол себепті біз осындай шара өткізіп жатырмыз 

Түрлі конкурстар мен өнер көрсету сайысында   4 отбасы сынға түсті. Солардың ішінде шаңырақ  құрғандарына он жыл болған,   Анастасия мен   Александр Ювко бар. Балаларымыз би де билейді, спортпен де шұғылданады,сондықтан  біздің жанұямыз жүлдегер атануға лайықты, дейді олар.

АЛЕКСАНДР ЖӘНЕ АНАСТАСИЯ ЮВКО, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР:

Балабақшадан бізге осы конкурсқа қатысу туралы ұсыныс түсті,біз ойланбастан бірден келістік. Отбасы күніне орай  қызықты сайыстар ұйымдастырылып  жатыр.  Бұл  жанұя бірлігін нығайтуға, топтағы  ата-аналармен жақынырақ танысуға  септігін тигізеді.

«Менің отбасым-менің байлығым» ұранымен өткен сайыс барысында әр отбасы өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетіп, түрлі сұрақтарға жауап беруі тиіс болды.4 жанұя ішінен Ювко отбасы барлық сынақтардан сүрінбей өтіп, жеңіске жетті.

Майгүл  СЕЙІЛБЕК

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, отбасы күні

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ  ЖЕТТІ
21:08, 24 мамыр 2018
ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

FLEX БАҒДАРЛАМАСЫ АМЕРИКАДА ТЕГІН ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
15:00, 23 мамыр 2018
FLEX БАҒДАРЛАМАСЫ АМЕРИКАДА ТЕГІН ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
Толығырақ...
ПАВЕЛ ЦЫБУЛИН: «QAZAQSTAN FIGHTER» ЖОБАСЫ СПОРТТАҒЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРДІ АШУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
12:41, 23 мамыр 2018
ПАВЕЛ ЦЫБУЛИН: «QAZAQSTAN FIGHTER» ЖОБАСЫ СПОРТТАҒЫ ЖАҢА ЕСІ...
Толығырақ...