ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН САҚТАУ

13:02, 13 тамыз 2019

Елімізде ажырасушылар мен азаматтық некеге тұрушылардың қатары қалыңдап барады. Ерте жүктілік, кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыстар да азаяр емес. Көкейкесті мәселелер облыстық әкімдіктегі жиналыста қаралды. Отырысқа «Nur Otan» партиясы жанындағы балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес мүшелері қатысты. 

Жақында ел бойынша «Бақытты отбасы» жалпыұлттық бағдарламасы іске қосылды. Әлеуметтік жоба аясында көпбалалы, мүгедек баланы асырап отырғанғандар 2 пайызбен тұрғын үйге несие ресімдей алады. Жиын барысында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың құқығын қорғау турасында сөз қозғалды. Әсіресе, кәмелет жасына толмағандар ерекше назарда. Білім басқармасындағылардың айтуынша, үйірмелерге көптеп тартудың арқасында балалардың араласуымен болатын  қылмыстар саны азайған. Бірақ, жазғы демалыстарын есте қаларлықтай етіп өткізуге тырысқандары да баршылық.

САЙРАН СӘРКЕНОВ, СҚО ПД ЖПҚБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Кәмелет жасына толмағандар ұрлық-қарлыққа көп барады.  Біреудің көлігін айдап әкеткен, екіншісі, баспананы тонаған. Үшіншісі, терроризм актісі туралы жалған хабар берген. Дей тұрғанмен, өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда биыл кәмелет жасына толмағандармен жасалатын қылмыстар саны 10 пайызға кеміді. 

Жыл басынан 243 тұрмыс жағдайы нашар отбасы назарға іліккен. 20 дан астам адам ата-ана құқығынан айрылыпты. Өңірімізде ересектер тарпынан қорлық, зорлық-зомбылық көріп жатқан балалар бар. Сондай-ақ, ерте жастан жыныстық-қарым қатынасқа түсу, түсік жасату мәселелері жекелеген тұлғаны алаңдатып отыр. Сонымен қатар, облысымызда тастанды балалардың жағдайы оңалмай тұр.

РЫСТЫ ЖҰМАБЕКОВА,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Жыл басынан солтүстікте қамқорлыққа берілген 17 бала мемлекеттке кері қайтарылыпты. Бұл жерде асырап алушыларды дұрыс таңдамағансыздар не болмаса, психологтар мен комиссия дұрыс жұмыс істемейді.

Бір қарағанда, құжаттарда бәрі жақсы. Тексере келгенде жұмыс шала. Мұны астанадан келген меймандар теріске шығарған жоқ.

РЫСТЫ ЖҰМАБЕКОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒА ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

- Балалар арасында ауру түрлерін анықтау жағы ақсап тұр.  Балалардың денсаулық индексі деген атымен жоқ. Мектептегі медбикелер алдын алу жұмыстарын жоғары деңгейде атқару керек.  Балалар денсаулығына жастайынан жіті көңіл бөлу керек. 

Ресми мәліметке Сүйенсек, өңірімізде 30 педиатр қажет екен.  Жиналыста ана мен әкенің рөлі, отбасы құндылықтары тақырыптары қаузалды.

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар