ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

ОТБАСЫ ҮЙСІЗ ҚАЛДЫ

20:37, 17 қыркүйек 2020

Петропавл тұрғыны Зарина Керейбаева өрттің салдарынан  үш баласымен үйсіз қалды. 11 қыркүйек күні оның баспанасы өртеніп кетті. Далада қалған өңір тұрғыны қалалық әкімдіктен көмек сұраған. Жергілікті билік уақытша  баспана берген, алайда оның жағдайы сын көтермейді.  

Әкімдік берген жатақханадағы бөлме 14 шаршы метрден аспайды. Ол жерде диваннан басқа жиһаз жоқ. 

ЗАРИНА КЕРЕЙБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Қалалық әкімдік бізге осы бөлмені берді. Әрине рахмет. Алайда бұл жерде еш жағдай жасалмаған. Тіпті, жарық жоқ. Оны жөндеу үшін көп қаражат керек. Алайда өрттен біз барымыздан айырылдық.

Заринаның кіші қызы  Азалия небәрі 10 айда. Ұлдары Сенжар мен Самат балабақша мен мектепке барады. Отбасында тек Заринаның жолдасы Зейнулла ғана жұмыс істейді.  Үйлері өртенген үйелмен 11 қыркүйектен бастап тәуіліктік үйлерді жалдап, кейде көршілерінде түнеуге мәжбүр.  

САМАТ КЕРЕЙБАЕВ:

- Мен бұл үйде тұрғым келмейді. Себебі, бұл бөлмеде  дәретхана да жоқ. Қазір барлығымыз көршілеріміздің үйінде тұрып жатырмыз.

Тығырықтан шығар жол іздеген  Керейбаевтар отбасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау қауымдастығына жүгінген. Азаматтық қоғам өкілдері депутаттар мен қалалық әкімдікке  хабарласты.

НАДЕЖДА ДУБОВАЯ, "ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ" ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

- Қалалық әкімдіктегілер осы бөлмені беріпті. Бұл жерде әрине ер адам жалғыз тұра алатын шығар. Бірақ бір отбасы үшін өте қиын. Себебі, ешқандай жиһаз жоқ. Бөлме кішкентай әрі жайлы да емес. Бұл жерде 5 адам тұра алмайды. Олар басқа амалы қалмаған  соң  маған жүгінді. Ал әкімлдік пен депутаттар әзірге жауап берген жоқ.

Бөлме уақытша тұруға берілген. Алайда, бұл уақытшаның қанша уақытқа созылары белгісіз.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
20:40, 24 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:21, 24 қараша 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...