ШҰҒЫЛ! СУДЬЯЛАРДЫҢ VIII СЪЕЗІ ӨТТІ Толығырақ

«ОТБАСЫЛЫҚ СОТ» ЖОБАСЫ 600 ОТБАСЫНЫ ТАТУЛАСТЫРДЫ

20:35, 7 ақпан 2020

«Отбасылық сот» жобасы өңірде 600 отбасыны татуластырып, ажырасудың алдын алды. Кейбір ерлі-зайыптылар медиаторлардың араласуымен бітімгерлікке келген. Осы және басқа да атқарылған істер облыстық соттың кеңейілген отырысында айтылды.

Былтыр өңір судьялары 1 мыңнан астам қылмыстық істі қараған. Өткен жылдармен салыстырғанда осы санаттағы заңбұзушылық біртіндеп азайып келеді екен. Себебі материал сотқа дейін қаралып, жазалау үрдісі ізгілендіріліп жатыр.

ВЛАДИМИР КИРИЛЕНКО, СҚО СОТЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- 2019 жылы сотталғандар саны 293-ке немесе 27,5% азайды. Ақталғандар саны бойынша 16,2%  көрсеткішке жеттік. Қатаң жазадағы бас бостандығынан айыру үкіміне  210 тұлға кесілді. 

Азаматтық іс бойынша татуластыру ісі жолға қойылған. Аудандар бойынша жанжалдасушы тараптардың 59% ортақ мәмілеге келген. Сондай-ақ, «Отбасылық сот» обасы аясында ажырасқалы жүрген 600 отбасы татуласыпты.  Осы бағытта өңірде 40 кәсіби және 300 заңгер жұмыс істеуде. Тоқ етерін айтқанда, облыстық сотқа арызданушылар қатары сиреген. Фемида өкілдерінің жұмыс жүктемесі азайды.

ЕРЛАН АЙТЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- 2018-бен салыстырғанда былтыр қылмыстық істер 57,7% -ға кем түсті. Сотқа дейін 3,5-ың қылмыстық іс тоқтатылды.  Сондай-ақ, азаматтық істер де азайды. 

Кеңейтілген отрысқа жоғары сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі қатысты. Наиль Ахметзакиров соттардың материалдық-техникалық жарақталу мәселесін қозғады. 

НАИЛЬ АХМЕТЗАКИРОВ, ЖОҒАРЫ СОТ ЖАНЫНДАҒЫ СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бас бостандығынан айыру жазасын қарастырсақ.  СҚО-дағы 27 пайыз республикалық көрсеткіштен сәл жоғары.  Сіздерде аса ауыр қылмыс жасағандарды түрмеге қамау көрсеткіші жоғары.  Бұл бұрындары сотты болғандардың қайталап қылмыс жасауы есебінен артқан.   

Наиль Ахметзакиров өңір судьяларының жұмысына жоғары бағасын берді.  Солтүстікқазақстандық фемида өкілдеріне тұрғындардың сенімі артқанын да ерекше атап өтті. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
20:44, 23 қазан 2020
ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...