ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ӨТКЕН АПТАДА ӨРТТЕН 4 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

20:47, 26 қазан 2020

Өткен аптаның бейсенбі күні Маяковский көшесінде орналасқан гараждардың маңында өрт шығып, екі адамның өмірін қиды. Тағы бір қайғылы оқиға 25 қазанда Петерфельдта  болды. Шақыртуға келген құтқарушылар мұнда да екі адамның мүрдесін тапты. 

22 қазан күні  таңғы сағат 6:30 кезінде құтқарушылардың пультына  Маяковкий көшесіндегі 95 үйдің маңындағы гараждардың қасында  өрт шыққаны жайында хабарлама түседі. Оқиға орнына екі техника мен 9 құтқарушы жіберілді. Өрт сөндірушілер от шыққан жерден 1977 жылы туған ер адамның мүрдесін тапты. Сонымен қатар, денесінің 85 процентін күйік шалған адамды да анықтады. Екіншісі  емханада көз жұмды. Тұрақты мекенжайы жоқ ер адамдар матрасқа жатып шылым шеккен. Салдарынан өрт шығыпты.    

ДМИТРИЙ РЯБЕНКО, СҚО ТЖД БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

- Тағы бір қайғылы оқиға 25 қазанда болды.  Қызылжар ауданының Петерфельд селосындағы Коминтерн көшесі 11 мекенжайындағы үйде от шығып, екі адамның денесі табылды.  Біреуі 1959 жылы туған ер адам, екіншісі 1963 жылы туған әйел, иіс тиген. Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында 546 өрт болды.

Құтқарушылардың айтуынша биыл өрт оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда 4,5 процентке аз.   57 адам құтқарылып, 780 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өрт   отты абайсыз қолдану, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамағандықтан және электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбағандықтан пайда болды. Баспасөз маслихаты кезінде журналистерге балықшылардың судағы қауіпсіздік шаралары жайында да айтылды. 

ИГОРЬ ЖУКОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жыл басынан бері облыстағы суларда 1 балықшы суға кетті.  Өткен жылы осы мезгілге дейінгі көрсеткіш 3 адамды құрады.Су бетін мұз басқасын, балық аулау ісі аса қауіпті болады. Сондықтан, барлық балықшыларды тағы да қауіпсіздік шарларын сақтауға шақырамыз.

Құтқарушылар балықты жағадан аулауға, қайықпен суға шыққан кезде әуелі оны тексеріп, құтқару құрылғыларын киюге кеңес береді.   

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 27 қараша 2020
ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
20:34, 27 қараша 2020
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
17:24, 27 қараша 2020
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...