ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ОТПЕН АБАЙ БОЛ!

17:47, 21 қазан 2019

Есіл ауданында Азаматтық қорғаныс саласының мамандары балалармен кездесіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. Ал ол естерінде жақсы сақталуы үшін жергілікті мәдениет үйінде балдырғандарға «Кошкин дом» көрінісін ұсынды.  

Жыл сайын өрт оқиғаларынан зардап шегіп жатқандар аз емес. Тілсіз жау ешкімді аямайды. Мамандардың айтуынша, әрбір алтыншы өрт балалардың шалалығынан туындайды. Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында өрт сөндірушілер балалармен кездесті. Бұл жолы құтқарушылар қарапайым қауіпсіздік ережесін балдырғандарға «Кошкин дом» қойылымы арқылы жеткізуге тырысты. 

ЖҰЛДЫЗ  ЕСЕНҒАЗИН, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ТЖБ БАСТЫҒЫ:

Ересектердің өзі кейде өрт қауіпсіздік ережесін білмей жатады. Осыны ескеріп, балалар арасында түсіндіру шараларын ұйымдастырып жатырмыз. Осындай көріністер нәтижесін береді. Бала естігенін емес, көзбен көргенін жадында ұзақ сақтайды. Біз осы принципті негізге алдық. 

Қойылымдағы кейіпкерлер шырпыны дұрыс пайдаланбайды. Отпен абай болмаудың салдарынан баспаналары күйіп кетеді. Педагогтардың айтуынша, балалар естігенін емес, көргенін көкейіне түйеді.

МАРИНА БРОМОТ, ЯСНОВ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Өңірімізде өрт оқиғасы аз емес. Оның алдын алу жұмыстарына ата-аналар ғана емес, қоғам да жауапты. Алдағы уақытта біздің ұжым да тағылымдық мәні бар көріністерді кішкентайларға жиі ұсынатын болады. 

 Қойылым соңында балалар өрт сөндірушілердің сауалдарына жауап беріп, қойылымнан алған білімдерін бекітті. 

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
20:48, 3 шілде 2020
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ  САҚТАЛУЫ ТИІС  ТАЛАПТАР
20:45, 3 шілде 2020
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...