ШҰҒЫЛ! ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БІРЛЕСЕ ҚАРАЛАДЫ Толығырақ

ӨЗ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ

17:54, 10 желтоқсан 2019

Петропавл қаласының № 2 өрт сөндіру бөлімі республикада үздіктер қатарынан көрінді. Төтенше жағдайлар Комитеті ұйымдастырған дәстүрлі байқауда облыстық кезеңнен сүрінбей өткен өрт бөлімі  қызметкерлері  кәсіиби біліктілігін көрсетіп,  жоғары бағаға ие болды.

Республикалық байқау биыл 10-рет өткізілді. Қатысушылар әуелі облыстық деңгейде сыннан өтті. Барлық талаптарды орындап, сыннан сүрінбей өткендер республикалық кезеңге жолдама алды. Петропавл қаласының №2 арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі байқауға арнайы бейнеролик, альбом әзірлеген. Бөлім басшысы Данияр Әлімкин де тестілеуден жоғары балл жинап, ұжымын жерге қаратпады.     

ДАНИЯР ӘЛІМКИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ  №2 АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

№2 өрт сөндіру бөлімінде 67 құтқарушы мен 8 арнайы техника бар.  Айтуған Бекенов 2016 жылы Мәскеудегі өртке қарсы қызмет Академиясын тәмамдап, осында қызметке орналасқан. Білікті маман кәсіби шеберлігін талай дәлелдеп, аз уақыттың ішінде бастықтың орынбасары лауазымында тағайындалды.

АЙТУҒАН БЕКЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ  №2 АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Байқау барысында бөлім ғимараттарының жағдайы, аббатандыруы мен техникалық жабдықталуы да сыналды. Алайда қызметкерлердің біліктілігі, физикалық жағдайы мен кәсіби шеберлігі басты назарға алынды. Петропавл қаласының құтарушылары республикалық байқаудда астаналық әріптестеріне жол беріп, екінші орынға ие болды.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН КАЗИНО АНЫҚТАЛДЫ
13:03, 23 қаңтар 2020
ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН КАЗИНО АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...