ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ Толығырақ

ӨЗЕН ПОРТЫНА 65 ЖЫЛ

19:19, 10 шілде 2019

ӨЗЕН ПОРТЫНА 65 ЖЫЛ

Өңірімізде 1954 жылы незігі қаланған "Өзен флотының Есіл басқармасы" ЖШС  биыл өздерінің 65 жылдық мерейтойларын тойлауда. Жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан серіктестіктің бүгінгі күні 2 теплоходы пен 3 баржасы бар.Облыс аумағындағы  45 шақырым жерден түрлі өнеркәсіп саласына қажетті құм осылар арқылы жеткізіледі.  Толығырақ арна тілшісі тарқатсын.  

Мына порталды кран 1982 жылы сатып алыныпты. Оның салмағы  100т-ға  жетеді. Осы кран арқылы баржамен әкелінген  құм түсіріліп, жүк мәшинелеріне артылады. Бүгінгі күні өңірдің бар кәсіпорнын құммен қамтамасыз етіп отырған дәл осы серіктестік.   

 ВЛАДИМИР КАЧЕСОВ, ӨЗЕН ПОРТЫНЫҢ ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

- Біздің құммен осы қаладағы көптеген үйлер салынды. Ең алғаш әуежай саларда да біздің серіктестік тасыған құм пайдаланылып, жолдарға  да төселді. Ал 89,90 жылдары тасымалданатын құмның мөлшері 1 млн тоннаға дейін жетті. Мен алғаш жұмыс істеуге келгенде ешқандай техника жоқ еді. Уақыт өте келе сатып алына бастады. Барлығын өзіміз жөндеп, өзіміз істетінбіз.

65 жылдық тарихы бар серіктестіктің бүгінгі күні өздеріне тиесілі 2 теплоходы мен 3  баржасы бар. Баржалардың 500 – 700 тоннаға дейін құм тасуға  қауқары жетеді екен.

ЖАНСАЯ ҚАЙЫПОВА, ТІЛШІ:

- Мәселен мына 1985 жылғы сибиряк теплоходы 3 сағат ішінде 700 тонна құмды діттеген жеріне алып келді. Ең ескі теплоходтардың бірі болып саналады екен.

Ал оның штурман-механигі Александр Малахов. Ресей мемлекетінің Омбы қаласында оқу бітірген. 1989 жылдан бері осы өзен портында қызмет етеді.  30 жылдық тәжірибемде  көптеген қиыншылықтар көрсем де, өз таңдауыма еш уақытта өкінбеймін дейді ол.  

АЛЕКСАНДР МАЛАХОВ, ШТУРМАН-МЕХАНИК:

- Менің міндетім бос баржаларға құм артып, оны теплоходпен итеріп қажетті орынға жеткізу. Әрине кей-кездері жұмыста қиындықтар туындап жатады. Мәселен, жолда өзенде балық аулап отырған балықшылар кедергі жасайды.Балықшыларға қанша ескертсекте елемейді. Техникаларымыз да ескі болғандықтан көп бұзылады. Бірақ бәрібір  өз жұмысым ұнайды.

«Өзен флотының Есіл басқармасы" ЖШС   күніне 1000т дейін өзен құмды жеткізеді екен. Бүгінгі күні бұл жерде 30ға жуық адам еңбек етеді.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

«АРМАН» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА 20 ЖЫЛ
20:46, 21 қараша 2019
«АРМАН» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА 20 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРЛАРДЫҢ ОҚУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ
13:05, 19 қараша 2019
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРЛАРДЫҢ ОҚУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...