ШҰҒЫЛ! БЕСКӨЛДЕ 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП АШЫЛДЫ Толығырақ

ПАРА АЛҒАН ПОЛИЦЕЙ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

20:36, 16 қыркүйек 2020

Петропавл қалалық сотының үкімімен Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің участкелік инспекторы айыппұл төлейді. Полицей қызметтік мансабын пайдаланып және алаяқтыққа барып пара алған.

Ол  енді 1 млн.125 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады. Сонымен қатар тәртіп сақшысы мемлекеттік қызметте істеу құқығы мен  аға лейтинант шенінен айырылды. Полицейді тамыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департамент өкілдері қылмыс үстінде ұстаған.   

ЕРНАР  БАЯНҒАЗИН, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ ЖЕТЕКШІСІ:

- 2020 жылдың 8 тамызында   өзін полиция майорымын деп таныстырған кісіге дүкенші 4 мың 200 теңге  қарызға ақша берген. Кейін ақшасын қайтара алмаған соң тәртіп сақшыларына шағымданған. 10 тамызда учаскелік полицей қызметтік көлікті заңсыз пайдаланып, алаяқты ұстап оған дүкеншінің атынан шағым түскенін баяндап, қарызды қайтаруды сұрайды. Алаяқ ақшаны иесіне қайтарған.  Учаскелік полиция ИНСПЕКТОРЫ ЖОҚ АРЫЗДЫ АЛҒА ТАРТЫП,  істі оң шешу үшін жаңағы қарыз алушыдан 150 мың теңге талап еткен. Оны параны алып жатқан жерінен ұстадық.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ШАЛДЫҚҚАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ 25,3 ПРОЦЕНТКЕ ТӨМЕНДЕДІ
17:18, 30 қыркүйек 2020
ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ШАЛДЫҚҚАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ 25,3 ПРОЦЕНТКЕ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...
ТАЙЫНША  АУДАНЫНДА «АШЫҚ ӘКІМДІК» ФРОНТ-КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
17:15, 30 қыркүйек 2020
ТАЙЫНША АУДАНЫНДА «АШЫҚ ӘКІМДІК» ФРОНТ-КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ЖЫЛҚЫНЫ СОҒЫП КЕТТІ
13:05, 30 қыркүйек 2020
КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ЖЫЛҚЫНЫ СОҒЫП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...