ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР Толығырақ

ПАРА БЕРГЕН КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ СОТТАЛДЫ

20:38, 5 қараша 2019

Медициналық колледждің директоры сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды. Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің директоры М.Б. Ахметоваға қатысты пара берді деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Мамандардың хабарлауынша, ол облыстық ТЖД қызметкері анықтаған өртке қарсы қауіпсіздік ережесін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін колледж фармацевті М.Т.Әбдікәрімованың делдал болуы арқылы 50 мың теңге пара берді деген күдікке ілінген болатын.

Қарашаның 1-і Петропавл қалалық сотының үкімімен М.Б. Ахметова пара бергені, ал М.Т. Әбдікәрімова пара беруде делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталғандарға 500 мың теңге және 250 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.


 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІ БІРДЕН 3 АЙҒА ҰЗАРТЫЛАДЫ
17:24, 9 шілде 2020
МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІ БІРДЕН 3 АЙҒА ҰЗАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ӨҢІР КӘСІПОРЫНДАРЫНДА 21 ЖҰМЫСШЫ ЖАРАҚАТ АЛДЫ
17:23, 9 шілде 2020
ӨҢІР КӘСІПОРЫНДАРЫНДА 21 ЖҰМЫСШЫ ЖАРАҚАТ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...