ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

20:40, 25 қараша 2020

Отбасы – мемлекеттің ажырамас бөлшегі. Шаңырақта балалардың бойында адалдық және парасаттылық қасиеттерін оятып қалыптастыру бұл тәрбиенің басты нышаны. Биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен «Парасатты отбасы» атты байқау ұйымдластырылды. Тың дода «Азаматтық бақылау» жобасы аясында өтті. Толығырақ келесі бейнематериалдан.

Байқаудың басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, шаңырақта адалдық және парасаттылық ортаны қалыптастыру болды. Әлеуметтік желілерде ұйымдастырылған байқауда бақ сынауға 9 отбасы ниет білдірді.

НҰРЛАН ЖАХИН, СҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Парасатты отбасы» байқауына қала мен аудан отбасылары қатысуға мүмкіндік алды. Негізгі шарты шаңырақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ортаны насихаттап, тақырыпты 5 минуттық роликте көрсету еді. Бір кезеңнен тұратын байқау әлеуметтік желілерге жүктелді. 3-ші орын Ақжарлық отбасыға бұйырса, екінші тұғырға Молғажаровтар көтерілді. Ал жеңімпаз Құсановтар әулеті танылды. 

АДЕМА  ҚҰСАНОВА, «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ :

Біз анаммен бірге байқауға қатыстық. Бұл менің алғашқы сайысым емес. Алда да осы сынды конкурстарда бақ сынауға тырысамын.

АНАРА ҚҰСАНОВА, «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

Біз әрқашан адалдық пен әділдік қағидаларын ұстанамыз. Осылай бізді менің ата-анам тәрбиеледі. Отбасымыздағы Адемаға да бұл принциптерді сақтауға үйретіп жүрміз. Ролик әзірлеу үшін бейнесуреттерді біраз отырып таңдадық. Ата-әжелеріміз де қатысты.

Айта кету керек, «Азаматтық бақылау» жобасы елімізде 4 жыл бойы жүзеге асып келеді. Алдағы уақытта да, адалдық және парасаттылық тақырыбында түрлі байқауларды ұйымдастырылатын болады.  

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

​ОБЛЫС АУМАҒЫНДА БІР АЙДА 60 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
20:40, 26 қаңтар 2021
​ОБЛЫС АУМАҒЫНДА БІР АЙДА 60 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
1 АҚПАННАН  ЕСКІ БАНКНОТАЛАР АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАДЫ
17:15, 26 қаңтар 2021
1 АҚПАННАН ЕСКІ БАНКНОТАЛАР АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...