ШҰҒЫЛ! ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПАРАСАТТЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

20:40, 4 қараша 2019

Петропавлда «Парасатты жүргізуші/парасатты жолаушы» деп аталатын акция басталды. Оны «Qyzyljar – adaldyq alańy​» жобалық кеңсесі, «Автотранспорт Одағы» ҚБ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің СҚОФ-ы ұйымдастырып отыр. Науқанға шаһар ішінде 6 бағыт бойынша қатынайтын 74 көлік қатысып жатыр.

Акцияны ұйымдастырудағы басты мақсат жүргізуші мен жолаушы арасында мәдениеттілікті қалыптастыру. Сондай – ақ бармақ басты – көз қыстылықтың алдын алу.

ДАМИР ХАБИБУЛИН, СҚО БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Акцияға қатысқан көліктерге аталмыш науқан жайлы мәлімет жазылған  жапсырмалар ілінді. Онда «Qyzyljar – adaldyq alańy» фронт кеңсесінің байланыс нөмірлері көрсетілген. Егерде жолаушылар тасымалы немесе автотранспорт одағы тарапынан құқықбұзушылық жасалса, сол нөмірге хабарласып шағымдана аласыздар.

«Автотраспорт Одағы» ҚБ төрағасы Галина Семенованың айтуынша акция нәтиже беруі мүмкін. Бірақ, құқық бұзушылық туралы хабарласып, алайда өз аттарын жасырып қалатын болса – мұндай шағымдар қаралмайды.

 ГАЛИНА СЕМЕНОВА, «АВТОТРАНСПОРТ ОДАҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

- Акция аясында жүргізушілер ғана емес, жолаушылар да мәдениеттілікті еске алады деп сенеміз. Жалпы бірлесіп істеген жұмыс қашан да нәтижелі болмақ.

Акция туралы халықтың пікірі әрқилы.  

- Жүргізушінің жұмысы оңай емес, ең қиыны халықтың тілін табу. Бірақ біздің жүргізушілердің басым бөлігі шыдамды, әрі байсалды.

- келеңсіз жағдайлар болып тұрады. Мысалы автобусқа отырмақшы болып жақындай бергенде ол жүріп кетеді. Кейде ренжисің кейде ашуланасың

- Біздің жүргізушілер өз жұмыстарын жақсы атқарады. Менің оларға ешқандай арыз шағымым жоқ. Деседе ааталмыш акцияның қолға алынғаны өте дұрыс

оғамдық көлікте, соның ішінде таксиде құқық бұзушылықтың куәсі болып жатсаңыз 8-707-564-14-24 ұялы байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

КЕЗЕКТЕ ТҰРМАЙ САЛЫҚ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ
17:15, 18 қыркүйек 2020
КЕЗЕКТЕ ТҰРМАЙ САЛЫҚ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИГЕРІП ЖАТЫР
13:03, 18 қыркүйек 2020
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИГЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
17:22, 17 қыркүйек 2020
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...
ТҰМАУҒА ҚАРСЫ МАУСЫМДЫҚ  ЕКПЕ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
20:31, 14 қыркүйек 2020
ТҰМАУҒА ҚАРСЫ МАУСЫМДЫҚ ЕКПЕ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...