ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

«PETROFASHIONEVENT-2019» СӘН КӨРСЕТІЛІМІ

17:58, 4 қараша 2019

Петропавлда PetroFashionEvent-2019 атты алғашқы сән көрсетілімі өтті. Жергілікті сәнқойларларға дизайнерлер үлкендер мен балаларға арналған 40-тан аса киім үлгісін таныстырды. Жоғары мода әлемі жайында әріптесім жалғастырсын.      

Фэшн-кештің қонақтары фотозона алаңында естелік суретке түсіп жатқанда,  шымылдықтың артында дизайнерлер мен модельдер соңғы дайындықтарын жүргізуде. Бұл - Петропавлдағы тұңғыш ауқымды сән көрсетілімі. Көптен күткен сәт, қонақтар орындарына жайғасып,  модельдер подиумға шықты. Ерекше, кейде тіпті түсініксіз  киім үлгілері  бұл - жоғары моданың белгісі. Дизайнер Айжан Колчина «Сон земли» атты топтамасын таныстырды. Табиғаттың күшін бейнелейтін 13 киім үлгісін көрсетті. Аталмыш топтаманы іске асыру үшін бір ай уақыты кеткен.    

АЙЖАН КОЛЧИНА, ДИЗАЙНЕР:

- Менің топтамамда теңіз, ауа, жерге байланысы киім үлгілерін көресіздер. Ал  оттың орнына «қанды» таңдадым. Менің ойымша қан бұл өмір көзі. Топтама кешкі образдарға жақын, бұл альте-мода деп аталады. Образдар ерекше болып шықты, жұртқа ұнайды деген ойдамын.  

Бүгінгі көрсетілімде ұйымдастырушылар театр әлемі мен сәнді біріктіруді ұйғарыпты. Аталмыш шараға қатысқан дизайнерлер шарт бойынша кемінде 7 киім үлгісін ұсынулары керек. Әр луктың өз философиясы мен ерекшелігі бар.

АЙГҮЛ ҚАСЕНОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Біз қазақстандық брендттерді көпшілікке таныстырып, танымал етуге күшіміз жетеді. Және бізде ондай талантты дизайнерлер де жетерлік. Бүгінгі көрсетілімде 4 дизайнер ересектерге, ал біреуі балаларға арналған маусымдық коллекцияларын ұсынды.

Көрермендердің қошеметімен "көбелектер"мерекелік топтамасын  кішкентай жас  модельдер  таныстырды.  Сәнқойлардың ең кішкентайы 3 жаста. Бірақ жасына қарамастан сән әлемінен хабардар.

- Менің киім үлгім «Көбелектер» деп аталады. Мен сахнаға шыққан кезде маған барлығы қошемет көрсетті.

- Мен сән көрсетіліміне алғашқы рет қатысып тұрмын. Сахнаға шыққанда кішкене қобалжу болды. Бірақ көрермендердің қолдауының арқасында өзіме сенімді болып, жақсы көрсетіп шықтым.

- Менің үлгім «Қызыл фея» деп аталады. Өте әдемі. Қызыл қауырсындары да бар. Сахнаға шығарда қорқып тұрдым. Бірақ кейінен бәрі жақсы болды.

Бұл Петропавлда өткен  бірінші  ауқымды сән көрсетілімі.  Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер дәстүрге айналатынына сенімді.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
20:55, 14 қараша 2019
СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...