ШҰҒЫЛ! «Сазды сәлем!» сазды-құттықтау көңілашар бағдарламасы эфирге жол тартады Толығырақ

Петропавл 2-жэо жаңғырту жұмыстары жалғасуда

11:35, 17 наурыз 2017

Петропавл жылу-электр орталығының қуаттылығы арттырылды. Шекті тариф бағдарламасы іске қосылғаннан бергі жеті жыл ішінде аталмыш кәсіпорында 4 қазандық алмастырылып, 3 турбина орнатылды. Биыл да қондырғыларды жаңарту жоспарланған. Толығырақ келесі бейнематериалдан біле аласыздар.

Шекті тариф бағдарламасын жүзеге асырудан түскен пайда орталықтағы негізгі қондырғыларды   жаңартуға жұмсалған. Бағдарлама аяқталғанмен, тариф сол қалпында, сәйкесінше, жаңарту жұмыстары да жалғасын табады. Жаңа қондырғылар электр қуаттылығын 380-нен 540 мегаватқа дейін арттыруға мүмкіндік берді. Ал,  тиімділігі жоғары турбиналар жанармайдың салыстырмалы шығынын қысқартады. Компания басшылығы «бұл жетістіктермен тоқталмаймыз»,-дейді. Биыл қазандықтарды алмастыру жұмыстары басталады.

Жаңа мүмкіндіктердің арқасында құрылғының жұмыс тәртібін қадағалау да ыңғайлы болды. Максим Бунин жағдайды монитордан қадағалайды. Бұрын жұмысты реттеу үшін тікелей маманның қатысы қажет болса, енді компьютердің тінтуіріне басу жеткілікті.

Түскен пайданың арқасында, станцияның қажеттіліктері 14 пайыздан 11ге дейін азайған. Қайта жаңғыртудың мақсаты: жылу энергиясын өндіруді экономикалық тиімді және экологиялық таза ету.  Мысал ретінде, 2008 жылы күл мөлшері жылына 24 мың тонна болса, қазір бұл көрсеткіш 6 есеге қысқарған.

Фариза ЖАЗИТОВА

Тақырып бойынша материалдар

ПСИХОЛОГ–ПОЛИГРАФОЛОГТАРДЫҢ СЕМИНАР- КЕҢЕСІ ӨТТІ
18:51, 24 қараша 2017
ПСИХОЛОГ–ПОЛИГРАФОЛОГТАРДЫҢ СЕМИНАР- КЕҢЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ЖОЛДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗДІГІ» АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
21:44, 20 қараша 2017
«ЖОЛДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗДІГІ» АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА СПОРТТЫҚ БАЛ БИІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
21:46, 20 қараша 2017
ПЕТРОПАВЛДА СПОРТТЫҚ БАЛ БИІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Толығырақ...