ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ БАНКРОТ ДЕП ТАНЫЛМАҚ

20:44, 22 қазан 2020

Петропавл халықаралық әуежайы банкрот деп танылмақ. Акционерлік қоғамның кредиторлық берешегі 70 млн теңгеге жуық. Оның ішінде кәсіпорынның өз қызметкерлеріне еңбекақы бойынша қарызы да бар.   

Естеріңізге сала кетсек, 4 жыл бұрын ғимарат және ұшу-қону жолақтары күрделі жөндеуден өтті. Әуетасымалдаушылар Ресей, Қытай, Біріккен Араб Әмірлектері мен Еуро Одақ елдеріне рейстер ашуды жоспарлаған болатын. Алайда коронавирус авиаторлардың да жолын кесті. Қазіргі уақытта, әуежайдан ұшақтар 20 рейс қана жасайды. Дегенмен бұл жағдайды жақсартпай отыр. Мамандардың сөзінше, кәсіпорын шығынсыз жұмыс істеуі үшін кем дегенде 64-86 рейс жасауы қажет. Енді әуежайды құтқарудың бірден-бір жолы әуежайды банкрот етіп жариялау. Кейін бұл мүлік азаматтық авиация комитетінің балансынан облыстың иелігіне көшеді.      

АСҚАР ҚЫЛЫШБЕКОВ, СҚО АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазіргі уақытта әуежайды облыстың коммуналдық меншігіне беру жұмыстары жүргізілуде. Мұның барлығы кейін нысанды мемлекеттік жеке меншік әріптестікке беру мақсатында жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде сервистік қызмет түрлерінің сапасын жақсартуға және шетелдік әуетасымалдаушылар нарығына шығуға септігін тигізбек. Айта кету керек, айдың соңына дейін әуежай қызметкерлері тиісті еңбекақыларын алады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 27 қараша 2020
ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
20:34, 27 қараша 2020
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
17:24, 27 қараша 2020
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...