ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ

17:26, 10 шілде 2020

Биыл Петропавл күні шілденің 12-сі онлайн форматта аталып өтіледі. Оған карантин талаптарының күшейтілуі себеп. Мерекені ұйымдастырушылардың айтуынша, облыс орталығының 268 жылдығына орай 2 концерттік бағдарлама әзірленді, алайда оны тұрғындар мен қала қонақтары әлеуметтік желі арқылы тамашалай алады. Мейрамның шырайын «Балалық шақтың қаласы» атты бір сағаттық театрландырылған шара ашпақ. Қаланың тарихынан сыр шертер шара сағат 16-00-ге жоспарланған. «Ескерткіштер, обелисктер, мемориалдар. Қаланың мұрасы» деген атаумен шағын экскурсиясы көрсетіледі. Кешкі сағат 20-00-де «Туған қаланың шамдары» атты онлайн-концерт өтпек. Мұның барлығын әлеуметтік желіде Петропавл қалалық мәдениет үйінің парақшасынан онлайн көруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, бұған дейін қала тұрғындары арасында өткен «Қала туралы поэзия» интернет байқауының қорытындысы шығарылмақ. «Жайна сүйікті қалам» атты флористикалық байқаудың да қорытындыланып, «Қала күнінен үздік бейнесурет» сайысының жеңімпаздары анықталады.

 

Тақырып бойынша материалдар

СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
17:20, 7 тамыз 2020
СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...