ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛ КӨШЕЛЕРІНЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

20:48, 27 қазан 2020

Петропавлда қала көшелерін көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Уалиханов көшесіне қарағай мен алма ағаштары отырғызылЫП ЖАТЫР. Биыл ағаш егу жаңа технологияны қолдану арқылы жүзеге асырылып отыр.  

Мына Уалиханов көшесіндегі учаскеде ағаштар Кеңес одағы кезінде дұрыс жоспарлы отырғызылмаған. Электр желісінің астына тұр. Ал бұл өте қауіпті.   

Кемшіліктерді түзету мақсатында өткен аптада көшеге ағаш отырғызыла бастады. Сонымен қатар,  тексеру кезінде бұрыннан тұрған ағштардың ауруға шалдыққаны анықталған. Енді бұл жерге 70-ке жуық қарағай егілді.

АЙДАР ҚАСЕНОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

– Петропавл қаласы әкімдігінің Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің тапсырысымен қарағай ағаштарын отырғызудамыз. Бұл 15-16 жылдық үлкен ағаштар. Біз оларды өзіміздің орманшаруашылығы кәсіпорнынан аламыз. Технологиямыз механикаландырылған. Бізде бұл үшін арнайы «Optimal-2000» машинасы бар. Бұл әдіспен ағаштар еш ауыртпалықсыз бір жерден екінші жерге көшіріледі.

Ағаштарды отырғызуда ерекше технология қолданылуда. Биыл  сәуір-мамыр айларында сынақтан өткізілді. Үлкен ағаштар 1,8 текше метр жерімен көшіріледі.

ТИМУР ЗВЕРЯЧЕНКО,  KOZYBAYEV UNIVERSITY ДОЦЕНТІ:

- Қазір ағаштарды отырғызуға қолайлы уақыт. Тамырына зақым келмей, тез жерсінеді. Әрі қолданылып жатқан жаңа технология өте тиімді. Мұндайда тамыр жүйесінің 70 пайызы сақталады.  

Мердігер ауа-райы қолайлы жағдайда ағаштарды отырғызу жұмыстары әлі екі аптаға жалғасады дейді  Жалпы 126 ағашты көшіру жоспарланған.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 27 қараша 2020
ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
20:34, 27 қараша 2020
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
17:24, 27 қараша 2020
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...