ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТӘРТІБІ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛ ТІГІН ФАБРИКАЛАРЫ МАСКА ТІГУДЕ

20:40, 20 наурыз 2020

Ел ішінде медициналық маскалардың тапшылығы өткір сезілуде. Жеңіл өнеркәсіп секторы тұрғындардың қажеттілігін өтеу үшін жұмыс бағытын өзгертті.  Өңірдің тігін фабрикалары да нарықтағы сұраныс бойынша көп реттік маска өндірісін қолға алды. 6 кәсіпорын жаңа өндіріске жылдам бейімделіп, түрлі ұйымнан тапсырыс алып жатыр.

Ольга Козарева -тәжірибелі тігіншілердің бірі.  Көп жыл бойы балалар мен әскерилерге арналған киімдерді тігіп келген.

ОЛЬГА КОЗАРЕВА, ТІГІНШІ:

- Тәжірибемде бірінші рет маска тігіп жатырмын. Таңғы 8-ден 5-ке дейін жұмыс істейміз. Күн сайын 200 данасын тапсыру қажет. Масканы бір тігіп үйренгесін, қиындығы жоқ екен. 

«Прогресс» тігін фабрикасы жақын күндері масканың 11 мың данасын тапсырмақшы. Жұмыс бағытын өзгерткендіктен, бәрін   заңдастыру қажет. Құжаттарды ресімдеу, әкімшілік кедергілерді жою бағытында облыс әкімдігі демейді.

СЕРГЕЙ КОРОТАЕВ, «ПРОГРЕСС» ТІГІН ФАБРИКАСЫ ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Әкімдікпен келісе отырып маска шығару өндірісін жолға қойдық. Қазіргі таңда Жамбыл ауданының әкімдігі , ІІ-деңгейлі банктерден тапсырыс алдық. Егер сұраныс болып жатса, ұйымдардан өтініштерді қабылдаймыз. 

Мынау «Сакирко» ЖК -нің цехы. Мұнда да 30-ға жуық маман еңбектенуде.  Әрбіреуі күн сайын 300 данасын тапсырады. Әзірше, жеке меншік ұйымдар мен түрлі мекемеден жиынтық саны 3 000 маскаға тапсырыс түскен. Мұндағылар бұдан да көп қажітілікті қанағатттандыра аламыз деп отыр. Тұрғындардың сұранысына сай, түрлі маска тігуде. Бұларды қолданар алдында кір сабынмен жуып, өңдеп алған жөн дейді. Себебі медициналық емес. Қорғаныш бұйымы түрінде пайдаланылады. 

АРМАН ОРАЗҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ  ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Облысымызда масканы 6 кәсіпорын тігеді. Тәулігіне 20 мың маска шығарады. Шикізат пен мата тапшылығы жоқ. Мамандар жеткілікті.  Масканың орташа бағасы 100- 120 теңгенің маңайында.

Облыс орталығында «Радуга» компаниясы антисептик өндіруде. Жақында 1 тоннасын сатылымға шығарады. Маскалар мен антисептитер сатылатын орындардың тізімі әкімдіктердің сайттары мен индустриялық-инновациялық даму басқармасының ресми сайтына орналастырылады. 

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНҒА ШАҚЫРТЫЛАДЫ
20:40, 3 сәуір 2020
ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНҒА ШАҚЫРТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
17:16, 31 наурыз 2020
ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АУДАНҒА ҚОСЫМША КҮШ-ҚҰРАЛДАР ЖІБЕРІЛДІ
17:18, 30 наурыз 2020
АУДАНҒА ҚОСЫМША КҮШ-ҚҰРАЛДАР ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ТУЫСТАРЫМЕН БЕЙНЕБАЙЛАНЫСҚА ШЫҚТЫ
17:20, 30 наурыз 2020
СОТТАЛҒАНДАР ТУЫСТАРЫМЕН БЕЙНЕБАЙЛАНЫСҚА ШЫҚТЫ
Толығырақ...