ШҰҒЫЛ! СЕНАТ СПИКЕРІНІҢ РЕСМИ САПАРЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

18:09, 20 қыркүйек 2019

Петропавлда дәстүрлі «1000 бөрік» көрмесі өтуде. Сапалы тауарды қолжетімді бағаға іздегендер қажетті бас киімді осы жерден таба алады.  

Благодаря вам я выбрала себе шапку. Она меня устраивает. Спасибо большое.

Галина Черных Петропавл тұрғыны. Қалалық мәдениет үйінде «1000 бөрік» көрмесінің өтетінін естігенде қуанғанын жасыра алмады. Себебі, көптен бері өзінің қысқы тонына сәйкес келетін бөрік іздеген. Галина Трофимовна 1000 бөрік көрмесінен талғамына сай әрі қалтасы көтеретін бас киім сатып алды. Оған қоса зейнеткердің  айтуынша көршілес мемлекеттен келген мамандардық қызмет көрсетуі жоғары. Тұтынушының көңілін тауып,  кез-келген сауалдарға жауап беріп, көмек көрсетеді екен.

ГАЛИНА ЧЕРНЫХ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көрме қатты ұнап жатыр. Сәнді әрі жылы бас киімдердің түрлері мол. Мұнда кез-келген келіншек келіп мен секілді өз талғамына сай бөрік таба алады.Барлық қала тұрғындарына осы жерге келіп, қолжетімді бағаға бас киім сатып алуға кеңес беремін.

Қала тұрғындары және қонақтарының назарына  40-тан аса Ресейлік өндірушінің  қара күзеннен жасалған 1000 бөрігі ұсынылуда. Фабрикадан шыққан бас киімдер соңғы үлгіде  тігілген, соған қарамастан бағасы арзан. Аң терісінен тігілген береттер 28 мың 900 теңгеден басталады. Ал, ВИП құлақшындар 76 мың теңге тұрады. «1000 бөрік» көрмесінде өнім алған уақытта, сіз өнім сапасының кепілдігін, сәнді әрі жылы бас киімге ие боласыз. Айта кеткен жөн, барлық өнімдер Новосібір қаласында қолмен тігіледі. Фабрика тек қана жоғары сапалы табиғи тері қолданады. 

ЛЮБОВЬ БОЧАРОВА, КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Күн суыта бастаған кезде ең қажет деген заттардың бірі ол бас киім болып табылады. Біздің көрмеден Петропавл қаласының тұрғындары өз талғамына сай бөрік таба алады. «1000 бөрік. Ресей Федерациясы» компаниясы өнімді өзімізде шығарып, өзіміз сатамыз. Осыған орай сапасы жоғары болуына қарамастан бағасы төмен болып келеді.

Құндыз бас киімге қызығып жүрген жерлестеріміз үшін «1000  бөрік » көрмесі таптырмас сауда жасайтын орын. Қыркүйектің 22не дейін жалғасатын көрмеде бөріктің 200ден астам түрі ұсынылған.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

КӨЗ ҚЫСТЫЛЫҚ, БАРМАҚ БАСТЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
18:04, 23 қазан 2019
КӨЗ ҚЫСТЫЛЫҚ, БАРМАҚ БАСТЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар